Кәсіби білім мен түсінік
199
білімнің артуымен ерекшеленді. Қоғам дамуы мен білім беру бойынша
пікір білдірушілер мектептердің тар ауқымды білім базасы мен техно
-
логиялар құрсауынан шығуы қажет екенін айтты. Англия мектептері
үшін үкімет тапсырысымен жасалған «Балалар және олардың бастауыш
мектебі» (DES, 1967a), «Уэльстегі Гиттин есебі» (DES, 1967b) және
«Шотландиядағы бастауыш білім беру» (SED, 1965)
тақырыбында
-
ғы зерттеулер шығармашылық, зерттеу және жобалық жұмыстардың
(пәндік-бағдарлы оқыту емес) маңыздылығын көрсетті. Балаға арнал
-
ған философия (5.1a-ғ-суреттерін қараңыз) дәстүрлі әдістерге қараған
-
да баланың өзіне деген сенімін арттырады деп саналады, ал «ашық жос
-
парлы сыныптар» оқушыларға білім алуға, өзін тәуелсіз сезінуге және
өз оқу әрекетін басқаруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Алайда бұл оқушы
-
ларды «тым өзімшіл, тәртіпке бағынбайтын, сауатсыздық деңгейіне тү
-
сірді» деген сын айтушылар да табылды (Sked, 1997: 159).
Оңшыл саясаткерлер «Плоуден баяндамасын» түсініксіз жаңа оқы
-
тумен байланысты болғаны үшін сынға алды. Ростың (2000: 33) топшы
-
лауынша, 1976–1986 жылдар аралығындағы онжылдық саяси даулар
мектеп нені үйретуі керек, оқытуда неге баса назар аударылуы тиіс де
-
ген сұрақтар төңірегінде өрбіген «оқу бағдарламасындағы аласапыран»
кезең болды. Экономикалық дағдарысты неғұрлым кең ауқымда қарас
-
тыра отырып, мектептер қаншалықты жұмысқа орналасуға дайын тү
-
лектер шығара алатынына алаңдаушылық білдірген Премьер-Министр
Джеймс Каллаган 1976 жылы білім саласындағыларды үлкен
пікірталас
-
қа шақырды. Балаларға арналған идеология төңірегіндегі пікірталастар
1980 жылдарға жалғасты. Сол жылдары Маргарет Тэтчер қарамағында
-
ғы консервативтік үкімет мемлекеттік сектордағы есеп беру және қар
-
жыны орнымен жұмсау саясатын ұстанды. Балаларға арналған білім беру
философиясының ықпалы төмендеген соң,
сауаттылыққа, қарапайым
математикалық амалдарды білуге және
ғылым саласындағы жетістік
-
терге баса назар аударыла бастады. Бұған Біріккен Корольдіктің 15 жа
-
сар балаларының оқу, математика және жаратылыстану (физика, химия,
биология) бойынша халықаралық тестілеуде төмен нәтиже көрсетуі се
-
беп болды. Pisa (Халықаралық студенттерді бағалау бағдарламасы) тес
-
тілерінің сенімділігі күмән тудырғанына қарамастан, Біріккен Корольдік
басқа елдердегі жағдайдың жақсарғанын және өзінің жалпы көрсеткіш
-
тері «көтермелей айтқанда, тоқырауға ұшырағанын» байқамай қалды.
2012 жылы Уэльстегі
оқушылардың математика, ғылым және оқу бо
-
йынша үлгерімі халықаралық деңгейден едәуір төмендеді. Бұл сауатты
-
лық пен қарапайым математикалық амалдарды меңгертуді күшейтуге
бағытталған оқу жоспарларын реформалауға негіз болды. Халықаралық
стандартқа сай сауаттылық пен қарапайым математикалық амалдар оқу
бағдарламасы бойынша маңызды орынға ие болды (5.3-қосымша).