Оқу бағдарламасының мазмұны: негіздемесі және дамуы Бастауыш білім берудің мақсаты мен мектепте балаларға білім
беру бағыты айқындалатын оқу бағдарламасының мазмұнын анықтау
үшін көптеген әрекет жасалды (5.2-қосымша). Үкіметтің көзқарасы бо
-
йынша, мемлекет алғаш 1830 жылы бастауыш білім беруді қамтамасыз
етуге араласа бастағалы үкіметтің мектептерден күтетін нәтижесі бо
-
йынша біршама бірізділік қалыптасты. Білім беруде сауатты ұрпақ тәр
-
биелеу, неғұрлым көп түлек шығару және мектеп бітірген соң қоғамға
(кері ықпал етпей) оң үлес қосатын азаматтар дайындау секілді әртүр
-
лі мақсаттар қойылды. 1997 жылы Білім беру және жұмыспен қамту
жөніндегі мемлекеттік хатшы «білім беру жүйесінің бірінші міндеті әр
баланың оқып, жаза алуын және қарапайым есеп амалдарын меңгеруін
қамтамасыз ету» деп мәлімдеді (DFEE, 1997: 9).