Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет149/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Әлеуметтік конструктивизм
Пиаженің замандастарының бірі, орыс психологы Лев Выготский 
(1896–1934) баланың дамуы – бұл әмбебап, табиғи процесс деген пікір
-
ге күмән келтіреді. Выготский адамның білімін, дағдылары мен сені
-
мін оның өзінің ішкі дүниесі емес, әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесі 
дамытады деген идеяға баса көңіл бөлді. Пиаже жеке тұлғаға баса мән 
берсе, Выготский танымдық дамудағы тілдің әлеуметтік және негізгі 
рөлі айрықша екенін көрсетеді. Білім беруде Выготскийдің таяу даму 
аймағы (ТДА) туралы ұғымының маңызы зор. Ол баланың жеке өзі іс
-
тей алатын нәрселер мен білімді, білікті немесе тәжірибелі адамның 
көмегімен не істей алатын нәрселердің арасындағы айырмашылықты 
сипаттайды (Vygotsky, 1978). Бала пазлдарды алғаш рет құрастыруға кі
-
ріскенде, жалғыз құрастыру мүмкін еместей көрінуі мүмкін. Егер балаға 
ата-анасы немесе өзінен тәжірибелі бауырларының бірі көмекке келіп, 
пазл құрастырудың негізгі стратегияларын түсіндіріп, көрсетіп берсе, 
мысалы, пазлдың ойықтарының бір-біріне сәйкес келуін қарау керек 
екенін ескертсе, баланың бұл істе біліктілігі анағұрлым артып, өзіне се
-
німді әрі тәуелсіз болады (Schaffer, 1996). Выготскийдің айтуынша, ын
-
тымақтастық пен диалогтың бұл түрі когнитивтік дамуға ықпал етеді. 
Әр баланың таяу даму аймағынан өту ұзақтығы әртүрлі болатындық
-
тан, бір сыныпта бір материалды бір тәсілмен оқытудың тиімді болуы 
екіталай. Выготскийдің айтуынша, оқушыға өзінен деңгейі сәл жоғары 
қатарласымен жұмыс істеген пайдалы. Жетекші ретінде оқушы қатар
-
ластарының бірін таңдау, топтардың қабілеті әртүрлі оқушылардан 
құралуы және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет