Гуманистік көзқарас
Гуманист психологтар, атап айтқанда, Карл Роджерс (1902–1987)
ғылыми эксперименттің айқындауыштық сипатын жоққа шығарады
және жеке тұлғаның өмірде өз бетінше шешім қабылдауға ерік-жігері
(жеке агенттігі) жетеді деп санайды. Гуманистік бағыт жеке және әлеу
-
меттік білім беру бағдарламаларын, жыныстық тәрбие, денсаулық және
азаматтық сияқты пәндерді оқытуды қалыптастырды. Адамдар қала
-
ған нәрсесін еш қымсынбай еркін зерттеу үшін ұғымдарды «дұрыс»
немесе «бұрыс» деп топшылауды тоқтатқан соң, балалар мен жастар
барлық мәселеге тең қарайтын болды. Мұғалім үшін оқитын орта қа
-
лыптастырудың алғышарттарының бірі – баланың көңіл-күйін, сезімі
мен ойларын, яғни оның тұтас болмысын тану. Сонымен қатар гуманис
-
тік бағытты ұстанатын педагогтер бағалау құралы ретінде терең білім
алуға жетелей алмайтын тестілерге емес, өзін-өзі бағалауға басымдық
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |