Кәсіби білім мен түсінік
189
(1927 ж.) жасаған. Ол бір қолымен итті тамақтандырып тұрып, екінші
қолымен қоңырауды сыңғырлататын. Ол
итке тамақ бермей, тек қо
-
ңырау соққанда да иттің сілекейі бөлінген. Бұл реакция шартты жауап
ретінде түсіндіріліп, оқыту ассоциация ретінде көрсетілді. Бала дамуын
ит үйретумен салыстыру аса қисынға келмейтініне қарамастан, бихе
-
виоризм сыныпты басқарудың «қатаң тәртіпке» (Canter and Canter,
1992) негізделген тәжірибесіне арқа сүйейді, бұл мұғалімдердің қатаң
бақылауымен сипатталады. Өйткені олар оқушыларға не ойласа соны
айтатындарын, не айтса соны ойлайтындарын ескертіп отырады. Тесті
-
лер, емтихандар, қайталанатын жаттығулар, бағалау әдістері, марапат
-
тау, ауызша мадақтау, жазалау және негізгі сұрақ (ынталандыру) пен
жауап (реакция) тәсілдері – сыныптағы бихевиоризм мысалдары.
Классикалық шарттылық белгілі бір оқиғадан кейін күтілетін
мінез-құлыққа бағытталады. Алайда Б.Ф.Скиннер (1904–1990) мен
Эдуард Торндайк (1874–1949) сынды
психологтар қоршаған ортаға
ықпал ететін мінез-құлық туралы ілімді зерттеді. Адам да, кез келген
жануар да қалаған нәрсесін алу үшін немесе өзіне ұнамсыз нәрсені бол
-
дырмау үшін белгілі бір әрекетке барады. Скиннер (1966) мұны «тірек
шарт» деп атады, мәселен, әлденіп алу (мысалы, тамақтану) алдағы
уақытта белгілі бір реакцияның болу ықтималдығын арттырады, сол
сияқты жазалаушының әрекеті (мысалы, ұрысқаны)
керісінше әсер
етеді. Әсер ету заңына сәйкес балалар қандай да бір марапат күтіп
тұрғанын білсе, мұғалім (немесе басқалардың) не қаласа да орындау
ықтималдығы жоғары, ал егер марапат болмаса (немесе оның орнына
жазаланатын болса), әрекеттің қайталануы екіталай. Қашан да қолдау
тауып, қолпашталған мінез-құлық «тастай бекиді», ал үйретілген мі
-
нез-құлық пен үнемі жазалауға ұшыраған мінез-құлық «құриды». Әлі
күнге дейін мұғалімдер мен ата-аналар бала мінез-құлқын өзгертуде,
атап айтқанда, бармағын сору,
дұрыс тамақтанбау, гипербелсенділік
және тентектікті түзетуде тірек шарттарын басшылыққа алады (Parke
and Gauvain, 2009).
Бихевиоризмді сынға алушылар теорияның жеке тұлға еркіндігін
жоққа шығаратынын, биологиялық факторларға, ойлау процестері мен
туа біткен сезімдерге жеткілікті көңіл бөлмейтінін айтады. Бұл онша
айқын
болмағандықтан, мінез-құлықты ғылыми тұрғыда бақылауға
тура келеді. Кейде балалар өзіне уәде етілген сыйақыны алу үшін емес,
өз көңіл қалауымен сурет салады, өлең жазады немесе белгілі бір кітап
-
ты оқиды. Кейбір зерттеулерге қарағанда, студенттерге мәселені шеш
-
кені үшін марапатталатыны туралы шарт қойылса да, олар марапат ал
-
майтындарға қарағанда баяу жұмыс істейді екен. Шылым шегуді тастау
сияқты саналы мінез-құлқы үшін марапатталатынын білетін адамдар
марапатталмайтындарға қарағанда ұзақ уақыт бойы өз мінез-құлқын
Кәсіби білім мен түсінік
190
өзгертуге бейілді болмайды екен (Furnham, 2008). Сонымен қатар би
-
хевиоризм адамның шығармашылық қабілеті мен мінез-құлқының
әртүрлі болатынын ескермейді. Мәселен, шығарма жазу немесе рөлдік
ойындар сияқты мәселелерде бихевиоризм
теория ретінде онша на
-
нымды емес.
Достарыңызбен бөлісу: