Кәсіби білім мен түсінік
186
кенет бағыт есіне түскендей болса, онда өзін «автопилот» сезінері анық.
Таяуда жүргізілген зерттеу көрсеткендей, чанкинг техникасы қиын жұ
-
мыс қана емес, туа біткен қабілет болуы мүмкін. Мысалы, 14 айлық сәби
жасырылған ойыншықтарды есіне оңай сақтайды, түріне қарай бөлініп
жиналған ойыншықтар балалардың жадында тез жатталады (Feigenson
and Halberda, 2008).
Кейде тәжірибелі мамандар заттарды барынша қарапайым етіп
көрсетеді. Тәжірибеге қол жеткізу үшін уақыт пен еңбекті аямау қажет,
оны балалар бірден түсіне қоймайды. Сондықтан көздеген нәрсесіне тез
қол жеткізе алмағанына ызаланады. Сол үшін мұғалімдер оқушыларды
білім алуда, тәжірибе жинауда табандылық танытуға шақыруы керек.
Тәжірибесі бар адам өз жинаған білімін белгілі бір мәселені шешуде
қолдана алады, сөйтіп, мақсатының айқын, бағытының дұрыс екенін
көрсетеді. Олар «өзін-өзі дамыта алады», яғни мақсатқа жету жолын
-
дағы қадамдарын қадағалап отырады, қашан артқа шегіну керектігін
және сәті келгенде қалай ілгері басу қажет екенін ойластыра алады. Тә
-
жірибесі бар адам мәселенің түрлі қыры бар екенін біледі және әдетте
өз іс-қимылын дұрыс анықтай алады.
Өкінішке қарай, жас мамандардардың тәжірибелі маманға тән бі
-
лімге қалай қол жеткізуге болатыны белгісіз. Бір қиын жері – тәжірибе
-
лі оқытушылардың процедуралық білімі көп жағдайда көзге түсе бер
-
мейді, табиғатынан елеусіз, алайда тәжірибе арқылы беки түседі. Бұл
сабақта байқау мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және рефлексиялық
практика қағидаттарын дамыту маңыздылығын арттырады. А.Гэй мен
К.Гэйдің (1998) пікіріне сүйенсек, рефлексия зерттелген тәжірибенің
мәніне күмән келтіретін «әңгіме» іспетті. Мұғалімдер өз іс-әрекетіне си
-
паттама беріп, түсіндіруге және негіздеуге тырыса бастаса, тиісті нәрсе
ретінде қабылданған құндылықтар мен практикаларға күмән пайда бо
-
лады («рефлексиялық бұрылыс»). Есепке алу процесінде рефлексияға
талдау жасалады, алайда оқыту мен оқу аспектісіне жүйелі түрде күмән
келтірілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: