Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Білім табиғаты және нені білу шарт



Pdf көрінісі
бет139/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Білім табиғаты және нені білу шарт
Эпистемология – бұл білім табиғаты мен білім алу жолдарын қа
-
растыратын таным теориясы. Жалпыға ортақ көзқарасқа сәйкес білім 
дегеніміз – адам басындағы тәжірибе, құндылықтар мен түсініктер 
жиынтығы (
ұзақмерзімді ес
). Оны сезім, тіл, эмоциялар және пайым
-
дау арқылы жинақтауға болады. Ерте заманнан бері зиялы қауым бі
-
лім табиғаты мен нені білу керектігі туралы пікір таластырып келеді. 
Адамзат баласы ежелден киелі кітапты немесе басқа да қасиетті жазба
-
ларды білу және оның ережелеріне сай өмір сүру бәрінен де маңызды 
деген сенімде болды. Бұл – әсіресе сол замандағы өзін қиындықтан құт
-
қаруға көктен уәде алып, жүрегінде жалғыз үміт отын жаққан адамдар 
үшін аса маңызды болса керек. ХVIII ғасырдағы ағартушылық сенімге 
негізделген білімнің жаратылыс туралы рационалды, ғылыми және 


Кәсіби білім мен түсінік 
183
гуманистік көзқарасқа ауысуын бастан өткерді. Біртіндеп ғылым мен 
медицинаның құлаш жаюы діни білімнің құлдырауына әкелді. Бұл жа
-
йында 1960 жылдары алғашқы болып кітап жазған америкалық ағарту
-
шы Джон Холт (1984: 288) былай дейді:
Мектепте атқаратын іс-әрекеттеріміздің астарында бірқатар 
идеялар жатыр. (1) Ұшан теңіз адамзат білімінің аса маңызды бір бө
-
лігі бар, оны әркімнің білуі шарт. (2) Адамның қазіргі әлемде саналы 
өмір сүріп, қоғамның пайдалы мүшесі болу үшін білімді әрі білікті де
-
ген дәрежеге қол жеткізуі, осы маңызды білімнің ауқымына байла
-
нысты болады. (3) Сондықтан мектептердің міндеті – сол маңызды 
білім ауқымын барынша балалар санасына жеткізу.
Бұл (америкалық) орта білім беруді қатал айыптау болып көрінге
-
німен, Холт ХХІ ғасырдағы Британия үшін әлі де көкейкесті мәселелерді 
көтерді (5.1-қосымша).
Әртүрлі өмір салты мен сенім жүйелері, гендерлік, отбасылық тәр
-
бие, әлеуметтік тап және тіл – жаратылыстану мен маңызды білім тура
-
лы көзқарастарды қалыптастыратын факторлар. Мысалы, мектеп бағ
-
дарламасында өнерге қатысты теріс пікір ұзақ уақыт бойы орын алып 
келсе керек, өйткені бақылаушылар академиялық білімге баса мән бер
-
ген (Lewis, 1993). Әдетте қыздар мен ұлдардың білім алуы айтарлықтай 
ерекшеленеді, өйткені қоғам мектеп бітірген соң оларға әртүрлі рөл ен
-
шілейді. ХІХ ғасырда жұмысшы таптан шыққан қыз – ана, әйел, қызмет
-
ші немесе жолы болған жағдайда мейірбике не мұғалім болуы керек еді. 
Оқу бағдарламасы оларға қолөнер түрлерін, үй шаруасын және басқа да 
қажетті дағдыларды үйрету үшін жасалды. Ал қазіргі оқу бағдарлама
-
сының мазмұны жайлы не айтуға болады? Холт өз еңбегін жазып жат
-
қан 1960 жылдары Шығыс пен Батыс арасында «қырғи қабақ соғыс» 
кезінде мектептерде орыс тілін оқыту кең өріс алса, оның бала кезінде 
мұғалімдерге латын тілін білу үлкен басымдық бергенін айтады. Уақыт 
өте келе білімге берілетін құндылық та өзгереді.
Холт айтқандай, білімге абсолютті фактілер жиынтығы ретінде 
емес, одан да ауқымды дүние ретінде қараған жөн. Тек білім алу жеткі
-
ліксіз, себебі студенттер көп тарихи фактілерді білуі мүмкін, бірақ одан 
олар жақсы тарихшы болып кетпейді. Сол сияқты бір нәрсені өте жақсы 
істей алу – оны жақсы меңгертудің міндетті шарты емес. Бұл «істеу» бі
-
лімін «оқыту» білімімен шатастыруға себеп болады. Мұғалім дарынды 
суретші болуы мүмкін, бірақ бұл оның бейнелеу өнерінің жақсы мұғалі
-
мі екенін білдірмейді. Білімді басқалармен өзара әрекеттесу арқылы қа
-
лыптастыруға, бөлісуге және өзгертуге болады деген пікірді қолдаушы
-
лар көп. Мұғалімдерден кәсіби қауымдастық мүшесі ретінде, мысалы, 
қызметкерлер жиналыстарында немесе өндірістен қол үзбей, әртүрлі 


Кәсіби білім мен түсінік 
184
оқу іс-шараларына қатысу кезінде әріптестерімен пікір алмасу арқылы 
көп нәрсе түйгенін жиі естиміз (Stoll and Louis, 2007).
Балалар декларативті («білемін»), процедуралық («қалай екенін бі
-
лемін») және шартты («қашан және не үшін екенін білемін») білім түр
-
лерін (5.1-кесте) меңгеруі қажет. Мысалы, математикадан оқушылар 
қолындағы ақшасын санап үйренуі керек, сонымен қатар ақша жұмсау
-
да сол білімін қалай қолдану керектігін де білуге тиіс. Сондай-ақ олар 
калькуляторды немесе мәліметтер базасын қашан пайдаланған тиімді 
екенін де білуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет