Кәсіби білім мен түсінік
191
Когнитивті конструктивизм негізінен
швейцарлық биолог және
натуралист Жан Пиаже (1896–1980) еңбектерінен бастау алады. Ол ал
-
ғаш рет зияткерлік тест жасаған француз психологы Альфред Бинетпен
(1857–1911) бірлесе жұмыс істей жүріп, балалардың когнитивтік да
-
муына қызығушылық танытқан. Пиаже үлкен балалар кіші балаларға
қарағанда басқаша ойлайды деген тұжырымға келеді. Мәселе олардың
көп
білетіндігінде ғана емес, есейген сайын терең әрі өзгеше ойлай
-
тынында. Кіші балаларға (2–7) эгоорталықтық ойлау тән болса, үлкен
балалар (7–11) басқалардың идеяларын ықыласпен тыңдайды, сөйтіп
өзінікінен басқа да идеялар бар екенін түсінеді. Дегенмен басқа шешім
қабылдауға көндірмесе, олар өз түйсігінің айтқанымен жүре беруі мүм
-
кін. Пиаже зияткерлік даму теориясын 4 кезеңге бөліп ұсынбас бұрын
ондаған жылдар бойы зерттеу жүргізді. Оның жұмысында балалар өз
білімін қалыптастыру үшін
еркін сұрақ қойып, материалды меңгеріп,
тест алуға мүмкіндік беретін белсенді оқытудың маңыздылығына баса
мән беріледі. Ол «нұсқау» деген сөзге қарағанда «құрылым» деген сөзді
қолдады, өйткені ол оқушылар ересектерден нұсқау алғаннан гөрі өзі
үшін бірдеңе істегенде жақсы білім алатынына сенімді болды (Piaget,
1976). Пиаже теориясының мұғалімдер үшін маңызы зор.
Баланың
ойлауына қолдау көрсету үшін тарих сабағында қолданылатын мо
-
дельдер мен уақыт
шеңбері секілді реквизиттерді, көрнекі құралдар
-
ды ұсыну керек. Олар неғұрлым күрделі идеяларды енгізу үшін таныс
мысалдарды қолдануы керек. Пиаженің ықпалын ойын алаңдары бар,
сұрыптау мен жіктеуге
арналған материалдармен, құрастыру жұмыс
-
тарына
арналған құмсауытпен, әлемнің символдық бейнесін жасауға
арналған бояулармен жабдықталған балалар бөлмелерінен көруге бо
-
лады. Кез келген тақырыпты оқытуда мұғалімдердің көпшілігі Пиаже
принципіне сүйенеді. Нақты, практикалықтан күрделі, абстрактілікке
көшу принципін ұстанады, мысалы, белгілі бір өлеңді талдау арқылы
тұтас поэзия әлеміне өтеді.
Пиаженің бұл сахналық теориясы әртүрлі себеппен сынға ұшырады,
соның бірі – сыртқы заттарды физикалық манипуляциялау, танымдық
тұрғыда қалыпты даму үшін қажет деп балалардың қабілетін бағала
-
мауы, баланың ойлауына мәдени ықпалдың болатынын мойындамауы
(Child, 2004). Пиаженің зерттеу әдістері де күмән тудырды, мысалы,
ол онша нанымды емес үлгілерді (өзінің 3 баласы мен басқа да білімді
ортадан шыққан балаларды) қолданды.
Кейінгі зерттеулер балалар
-
дың ойлау қабілеті тапсырмалардың қалай берілгеніне және олардың
түсінікті болуына қарай өзгеретінін көрсетті (Donaldson, 1978; Hughes,
1975; Morss, 1991). Қорыта келгенде, мұғалімдер Пиаженің «жастар мен
кезеңдер» теориясын есте ұстауы керек, алайда онымен тым әуестеніп
кетпегені жөн.