Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


-КЕСТЕ.  Баланың когнитивтік даму кезеңдері (Пиаже теориясы бойынша) Кезеңі



Pdf көрінісі
бет148/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

5.2-КЕСТЕ
Баланың когнитивтік даму кезеңдері (Пиаже теориясы бойынша)
Кезеңі
Жас ара
-
лығы
(шамамен)
Сипаты
Сенсор 
моторлы
0–2
Сезім мен рефлекстер арқылы үйренеді, мы-
салы, еміп көру және эксперименттердегі 
қателіктер, мәселен, бала әртүрлі дыбыстарды 
немесе әрекеттерді қамқоршысының назарын 
аудару үшін қолданады, айналасындағы оқи-
ғалар мен нысандарды бейнелеуде символ-
дарды пайдалана бастайды. 
Операцияға 
дейінгі
2–7
Символдарды қолдану артады, мысалы, рөлдік 
ойын кезінде сыпырғышты ат қылып мінеді. 
Әлемді өзгелердің көзімен емес, эгоцентрис-
тік көзбен көреді. Бес жасқа дейінгі балалар 
есінде қалған ақпарат (сан, ұзындық, көлем) 
туралы белгілі бір түсінік бере алады, тәжіри-
бесі жеткіліксіз болғандықтан, шамадан тыс 
жалпылауға бейім. 
Нақты 
операциялық
7–11
Нақты оқиғалар туралы логикалық ойлау қа-
лыптаса бастайды, бірақ абстрактілі немесе ги-
потезалық тұжырымдарды түсінуге қиналады. 
Қайтымдылықты түсінеді, мысалы, әрекеттің 
кері өзгеретінін түйсіне алады: оның иті –
Спаниель, Спаниель – ит, ал ит – жануар. 
Формалды опе-
рациялар
11+ 
Махаббат, соғыс, бейбітшілік секілді абстракті-
лі ұғымдар туралы ойлауға бейім, одан бөлек, 
тек бұрынғы тәжірибеге сүйеніп қана қоймай, 
ықтимал нәтиже мен әрекет салдарын да ой-
лай бастайды. 
Пиаженің сахналық теориясын сынға алғандардың бірі тоқсан
-
ның тұғырына шықса да Нью-Йорк университетінде дәріс оқып, зерт
-
теу жүргізуден танбаған танымал когнитивті психолог Джером Брунер 
(1915 ж.т.) болды. Сахналық теоретиктерден айырмашылығы Брунер 
кез келген материалды үйретуді тиісті деңгейде ұйымдастырса, кіші 
мектеп жасындағылар меңгеріп кетеді деп сендірді. Ол балалар идея
-
ларды сұрыптау және жүйелеу арқылы өз әлемінде түсінік қалыптас
-
тыра алады деп сенді. Олар әлемді физикалық әрекеттер («әрекеттік 
көрініс», заттар мен оқиғалар «бейнелік көрініс») және тіл («символ
-
дық көрініс») арқылы бейнелейді. Ол оқушылардың оқу әрекетін алға 
жылжытуға көмектесетін модельдеу, коучинг, дауыстап оқу, оқиғаны 


Кәсіби білім мен түсінік 
193
қайта құрау және дағдыларды жеке бөліктерге бөлу сияқты әдістерді 
қамтитын «скаффолдинг» (тірек құралдар) ұғымын енгізді. Бұл «тірек 
құралдар» баланың велосипед тебуді үйренгенде тұрақтандырғышты 
пайдаланып, үйренген соң керек қылмайтыны секілді уақытша қолда
-
нылады, бала тапсырманы орындаудағы қиындықтарды жеңген кезде 
алынып тасталады. Әдетте мұғалім бақылау және әңгімелесу арқылы 
анықтаған оқушылардың жетістігін сабақ уақытында айтады, бұл тірек 
құралдардың «жұмсақ» түрі. Мұғалімдер оқу әрекетін жеңілдету үшін 
көрнекі құралдар, глоссарий, сұрақтар, ой шақыратын тілік қағаздар, ті
-
рек парақшалары секілді скаффолдингтің біршама «қатты» стратегия
-
ларын да қолдана алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет