Кәсіби білім мен түсінік
188
деген сөз жиі қолданылады: балаларға «жұмысымызды жалғастыра
-
мыз» дейді немесе «жұмыстарыңды аяқтадыңдар ма?» деп сұрайды,
сондай-ақ оларға «үй жұмысы» беріліп, мұғалімдер «жұмысты» жоспар
-
лайды. Уоткинс (2011) сынып «жұмыс» сөзін қолданған сайын оны «үй
-
рену» сөзімен алмастыру арқылы оқушыларының сабаққа деген қызы
-
ғушылығын анағұрлым арттырған мұғалімді мысалға келтіреді.
Ғасырлар бойы балалар белсенді үйренуші саналмай келді. Әдетте
оларды әлі ештеңе жазылмаған ақ параққа немесе білім нәрін құюға ар
-
налған бос құмыраға теңейтін. Бұл балалардың өз өмірін қалай мәнді
етуге ұмтылатыны туралы жаңа түсінік қалыптастырған дамыған пси
-
хологияның жетістігі еді. Балалардың қалай оқып, дамитынын түсінді
-
руге тырысқан теоретиктер мен зерттеушілер көп. Мұғалім ол теория
-
лармен танысу арқылы өз көрген-білгенін тұжырымдауға, балалардың
қалай білім алатыны туралы өз пайымын қалыптастыруға мүмкіндік
алады.
Достарыңызбен бөлісу: