Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет138/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

5
ТАРАУ


Кәсіби білім мен түсінік 
182
қажет. «Неліктен» деген сұраққа өз тәжірибесіне сүйене отырып, се
-
німді жауап беруге ұмтылған мұғалімнің жауабын негіздеуде қина
-
луы әбден мүмкін, сондықтан сыртқы қысымға төтеп беруі екіталай.
Тернер-Биссеттің (2001: 4) көрсетуінше, білікті оқытушылар – «білім 
мен біліктің және процестердің барлық түрлерінің» білгірі. Кез келген 
мұғалімнің оқыту, оқу, бағалау және мінез-құлықты басқару стратегия
-
лары бойынша терең кәсіби білімі, оқытатын пәнінің оқу бағдарлама
-
сының дұрыс екеніне деген нық сенімі мен өзін қай бағытта кәсіби да
-
мытуы керек екені туралы бағдары болуы қажет. Бірақ білім мен түсінік 
тұрғысынан алғанда, үздік мұғалімдердің бір-бірінен айырмашылығы 
неде? OFSTED тұжырымдарына қарағанда (2014: 39), үздік мұғалімдер 
оқушыларды оқуға жұмылдыруға айтарлықтай ықпал ете алады, бүкіл 
мектеп бойынша оқуға деген оң көзқарас қалыптастырады. Яғни мұға
-
лім оқушылардың білім алуына қажет дағдыларды дамытуға баса назар 
аударады және ол дағдылардың қолжетімді болуы оқушылардың оқу
-
ға деген құлшынысын арттыра түседі. Бүкіл Біріккен Корольдік аума
-
ғында мұғалімдер өз пәні мен оқу бағдарламасын жақсы білуі керек деп 
есептеледі. Осы тарауда мұның іс жүзінде нені білдіретіні қарастырыла
-
ды. Мысалы, 6-сынып мұғалімі өз пәнін жеткілікті деңгейде оқыту үшін 
оқу бағдарламасын бүге-шігесіне дейін білуі мүмкін бе? Ерте балалық 
шақтағы балаларды оқытатын маман білімді қалай түсінеді? Мұғалім
-
дер білімін уақыт талабына сай қалай жетілдіріп отырады? Сондай-ақ 
мынадай теориялық сұрақтар ұсынылады: Білім иерархиялық санала 
ма? Балаларға қандай білім беру керек екенін кім шешеді? Білім де дағ
-
ды сияқты маңызды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет