Іс-әрекет теориясы
адамның белгілі бір әрекеті оның мәдени құралдарды
қолдануға деген қажеттілігіне, мысалы, өз мақсатына жету үшін
интернетті пайдалануына байланысты деп тұжырымдайды.
Когнитивтік тәлімгерлік
– шебер тапсырманы орындаудың әр қадамын
түсіндіріп, ал бақылауындағы шәкірті оның көрсеткенін қайталайтын
модельдеу жүйесі.
Оқыту
– бұл әлдекімнің тәжірибе арқылы қалыптасқан мінез-құлқын, білімін,
дағдыларын ұзақ уақыт бойы өзгерту (Wallace, 2008).
Өзара түсіністікке тәрбиелеу
– Солтүстік Ирландиядағы қоғаммен қатынасты
жақсартуға бағытталған бастауыш білім беру бағдарламасындағы
пәнаралық тақырып.
Педагогиканы
мұғалімнің оқушыларға білім беру үшін жоспарлайтын және
жасайтын барлық әрекеттері, мәселен, нұсқау беруі, сұрақ қоюы мен
түсіндіру, сондай-ақ дене тілі секілді ым-ишараты деп түсіндіруге болады.
Схемалар
– әлемнің менталдық тұрғыдан алғандағы көрінісі, мысалы, иттің
мысықтан айырмашылығы.
Ұзақмерзімді ес
үнемі есте сақталатын білімді сипаттайды, қажет болған
жағдайда ол уақытша жұмыс жадына ауыса алды.
Достарыңызбен бөлісу: |