Кәсіби білім мен түсінік
216
жетістікке жетуге ынталандыру – аса күрделі іс. Кішкентай балаларға
ойын үшін уақыт, кеңістік және еркіндік қажет. Ересектердің өзі ойын
арқылы оқудың маңызын арттыратын ойын түріндегі қарым-қатынас
орнатуы керек.
Ерте балалық шақ тәрбиешілері араласу немесе өзара қарым-қа
-
тынас орнатудың уақыты мен сипатын таңдауда аса қырағы, сезімтал
болуға тиіс. Осындай білім алудың бір тәсілі 2000 жылдардың басында
басталған бейне-ынталандырушы-рефлексиялық диалог (VSRD) зерт
-
теу әдісін қолдану (Moyle
et al.,
2003). Бұл мұғалім мен балалардың өзара
қарым-қатынасын арнайы рұқсатпен түсіріп алған эпизодтарды қарау
деген сөз. Бейнежазбалар немесе фотосуреттер рефлексия мен сыни ке
-
лісімді қолдауға қабілетті «маңызды адамдармен» бірге қаралады.
Балалардың «дұрыс» жауап берген-бермегеніне қарамастан, олар
-
ды бағалау ерте балалық шақ тәжірибесі үшін ерекше маңызды, өйтке
-
ні бұл балдырғандардың өзіне сенімі артып, өз жолын табатын уақыт.
Мектептен іс-тәжірибеден өтуге келген жас маман үшін қысқа мерзім
ішінде балалардың сеніміне кіру оңайға соқпайды. Алайда бұған олар
-
мен сөйлесу, ойын кезінде бақылау, олардың
есімдерінің мағынасын
білу, қызығушылықтарын ескеру, іс-әрекетіне қосылу арқылы қол жет
-
кізуге болады. Алғашқы бірнеше күн ішінде стажер мұғалім өзі тура
-
лы ақпарат береді, мысалы, сол жастағы фотосуретін көрсетеді немесе
«тоңды ерітетін» басқа әдіс қолданады.
Біріккен Корольдіктегі ерте балалық шаққа арналған оқу бағдарла
-
масында да балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөлінген (Collins
and Foley, 2008). Ол физикалық (денсаулық сақтау, психикалық ынта
-
ландыру, сыртқа шығу, демалу және дұрыс тамақтану)
және эмоция
-
лық аспектілерді (мысалы, дос табу, жылы, жақын қарым-қатынас ор
-
нату, қолдау көрсету) қамтиды. Жас балалар үшін өзін қоршаған ортада
қауіпсіз сезіну және сенімді болу маңызды. Сондықтан балалардан оқу
-
ға деген ынтасы бар-жоғын, өз идеясын бөлісуге және оқу жауапкерші
-
лігін алу мүмкіндігі бар-жоғын, әлде Карр (2001) айтқандай, «балалар
оқуға дайын ба, оқығысы келе ме, оқуға қабілетті ме?» соны сұрау ке
-
рек. 5.6-кестеде ерте балалық шақтағыларға арналған оқу бағдарлама
-
сының негізгі бағыттары көрсетілген.
Ерте балалық шақ тәжірибесінің мысалдарымен жергілікті билік
органдары, мектеп пен инспекция сайттарынан таныса аласыздар
(мыс., www.ofsted.gov.uk/resources/goodpractice). Бұл мұғалім білі
-
мінің тәжірибеге қалай әсер ететіні туралы ойлануға мүмкіндік бе
-
реді. Мысалы, мұғалімдер қоршаған ортаны өзгерту үшін
пікірталас
пен байқау нәтижесінде жинаған балалардың қызығушылықтары
туралы білімін жиі пайдаланады. Бірде мұғалімдер ұл балаларға қы
-
зықты болатын «Саяхат және көлік» тақырыбын таңдады.
Олардың
Кәсіби білім мен түсінік
217
«Автокөлік 2» фильміне деген қызығушылығы қызметкерлердің ашық
гараж салуына түрткі болды. Бұл бір құлықсыз жазушының өзін меха
-
ник рөліне қойып, автомобиль бөлшектерінің атауын жазуда біршама
алға жылжытты.
Тарауды қорытындылай келе, болашақ мұғалімдер үздік мұға
-
лім болу үшін білуге тиісті нәрселердің ауқымына қарап, ұнжырға
-
сы түспеуін сұраймыз. Көп білуге деген құштарлық – бұл оқытудағы
қуаныштың бірі, күн сайын
балалардың білімін ғана емес, сонымен
қатар өз білімін де кеңейту мүмкіндігі. Кәсіби пәндер мен кәсіби бі
-
лім маңызды болғанмен, Қауымдар палатасының білім беру комитеті
(2012 ж.)
көрсеткендей, бірде-бір фактор (жалпы академиялық қабі
-
леттілік) үздік үлгерім көрсеткіштеріне әсер ете алмайды. Бірақ біз
жақсы мұғалімнің оқудан ешқашан қол үзбейтінін білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: