Бастауыштағы ағылшын тілі мен сауат ашудың сипаты
Әдетте сауаттылықты тиімді қарым-қатынас жасаудың қажетті
деңгейінде оқу және жаза алу деп қарастырады (6.2-қосымша). Алайда
соңғы кезде бұл тар ауқымды анықтама сауаттылықтың ақпараттық
(сандық) және визуалды деген түрлерімен толықтырылып, кеңейе
түсті. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты бағалау мен оны цифрлық
форматта құру дағдыларын қамтиды (Lankshear and Knobel, 2008), ал
визуалды сауаттылық визуалды суреттерден мағына түзуден тұрады
(Elkins, 2007).
Достарыңызбен бөлісу: |