Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
235
Қарым-қатынас ұйымы (2011) мектептерге қолдау көрсету үшін әр
жасқа сай материалдар дайындаған органдардың бірі (Қараңыз: www.
thecommunicationtrust.org.uk).
Оқылым
Бастауышқа арналған оқу бағдарламасының басқа аспектілеріне
қарағанда, оқылымның көптеген қарама-қайшы пікірлер туғызып
отырғаны байқалады (Wray and Lewis, 1997). Оқығанын көңілге тоқи
алмай, ықылассыз оқу дағдысы балалар мен жастарды өмірде талай
сан соқтырарына ешкім шек келтіре қоймас. Балаларды оқуға қалай
үйретуге болатыны туралы бірізді пікір аз. Үкімет мектепте тіл оқыту
үшін құрған Баллок комитеті оқуға үйрету үдерісінің кілті боларлық
бірде-бір әдістің, құралдың, не тәсілдің жоқ екенін айтады (Bullock
Report, 1975; see also Mukherji and O’Dea, 2000). Ғасырлар бойы бала
-
лар әліпби әдісімен, әріптерді дауыстап айту арқылы оқытылып кел
-
ді. 1900 жылдары бұл әдіс балаларға дыбыстарды пайдалану арқы
-
лы сөздерді оқуға көмектесетін фонетикалық әдіске алмастырылды.
1870 жылдардың басында-ақ метрополистегі білім беруге жауапты
Лондон мектептері кеңесі «нағыз синтетикалық» саналатын фонети
-
калық әдіс арқылы оқу стандарттарын көтеруге кірісті. Балалардың
оқудан ләззат алуы маңызды екені де ескерілді. Сонымен қатар олар
қоғамнан сыртқары қалған балалардың (қаңғыбас балалар) оқуға қы
-
зығушылығын арттырудың да маңыздылығына назар аударды. Егер
билік өкілдері оларды мектепте әкелген жағдайда, мұғалімдер де елік
-
тіріп әкетуге тиіс (Galbraith, 1997). 1960 жылдары «флэш карта» қол
-
дану арқылы тұтас сөзді оқуға негізделген «look and say» (қара да, айт)
деп аталған үшінші әдіс танымал болды. Кейбір мектептерде фонети
-
калық әдіс пен «look and say» (қара да, айт) әдісі қатар қолданылып,
тілдік тәжірибені байытуға баса назар аударылды (Wray and Mallett,
2002). Соңғы жылдары фонетикалық әдіс оқуды үйретудің таңдаулы
әдісіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: