6.2-ҚОСЫМША. НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМ: САУАТТЫЛЫҚ Сауаттылық (literacy) латынның litera (әріп) сөзінен шыққан, әдетте оқу және
жазу қабілеті дегенді білдіреді. Уақыт өте келе бұл сөздің өрісі кеңейе түсті.
Шотландия үкіметі (2009: 10) сауаттылыққа «Адамның қоғамдағы құнды әрі
пайдалы деп есептелетін әртүрлі тілдік формалар мен мәтіндер арқылы қо-
ғамға толықтай араласуына және білім алуына мүмкіндік беретін дағдылар
жиынтығы» деген анықтама берді.
Айтылым және тыңдалым Балалардың айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытудың
маңыздылығы 11-тарауда егжей-тегжейлі қарастырылады. Англия
-
дағы Мемлекеттік оқу бағдарламасы бойынша үкімет тағайындаған
сарапшылар тобының (DfE, 2011) баяндамасында ауызша сөйлеу,
когнитивті даму мен білім деңгейінің арасындағы байланысты ай
-
қындайтын дәлелдер бар екені айтылады. Негіздеме күмән тудыр
-
майды. Оқушылардың оқу үлгерімін көтеруді, әсіресе бағдарламаара
-
лық негізде қалай жүзеге асыруға болатыны қиындық туғызып отыр.
Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
234
6.2-КЕСТЕ. Оқушылардың математика туралы түсінігін Оқу бағдарламасы
бойынша дамыту мүмкіндіктері