Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет195/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Көңіл қойып оқу 
Көңіл қойып оқу таңдаудың, қанағаттану мен қызығушылықтың 
жоғары деңгейінен құралады. Үкіметтің білім беру стандарттарын 
зерттеу тобының (ESARD, 2012) мәліметтеріне қарағанда, есейген са
-
йын балалардың көңіл қойып оқуы төмендейді. Ұлдар қыздарға қара
-
ғанда аз оқиды, ал әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен балалар
-
дың жоғары тап өкілдерінің балаларына қарағанда көңіл қойып оқуы 
қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалімдер әртүрлі қызықты оқу мате
-
риалдарымен қамтамасыз етуі керек, дауыстап оқитын бағдарлама
-
лар ұсынып, оқыған кітаптары бойынша пікірталастар өткізуі қажет. 
Сондай-ақ балалардың өз бетінше оқуына уақыт бөлуі тиіс. Таңдау аса 
маңызды. Кітапқа берілетін ваучер оқырмандарды жақсы ынталанды
-
ратыны анықталған (Clark and Rumbold, 2006). Сонымен қатар ата-ана
-
сы (және мұғалімдері) оқуға деген сүйіспеншілікке баулыған балалар 
өмір бойына жақсы оқырман болып қалатыны бұрыннан белгілі. Олар
-
ға мысалы, ересектердің үнемі әртүрлі мақсатта сан қилы әдебиетті 
оқып, одан жаны жай тауып отырғанын көріп өсетін балаларды жатқы
-
зуға болады. Жақсы жабдықталған әрі жұмысы жақсы жолға қойылған 
қоғамдық және мектеп кітапханаларының жас оқырмандарды ынта
-
ландыруда маңызы зор. Кітапхананы пайдалану мен көңіл қойып оқу 
арасында байланыстың бар екені анық; қоғамдық кітапхананы пай
-
даланатын жастар күн сайын сабақтан тыс уақытта екі есе жиі оқиды 
екен (Clark and Hawkins, 2011). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет