Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
31
көздейтін тәрбие сағаттарын, сондай-ақ сыныптық сабақтарды бақы
-
лау жатады. Алайда бірқатар белгілі білім беру блогерлері бақылаудың
тиімділігіне күмән келтірді (e.g. Bennett, 2013). Олардың дәлелдері ке
-
лесі тармақтарға негізделді:
бақылау – асқан біліктілікті қажет ететін іс;
қандаи� да бір құнды кеңес бергісі келетін бақылаушылар бақылана
-
тындардан кем түспеуі керек;
бақылау кестесі
редукционистік сипатта болады;
бақылаушылар сабаққа өз әрекеті бои�ынша баға бере алады.
Бұл оқытуды бағалаудағы бақылаудың көмегі туралы емес. Бала
-
ма ұсыныстар (мұның кемшіліктері де жоқ емес) оқушылардың көз
-
қарасын кең ауқымда пайдалануды және өздері атқарған жұмыстары
мен үйренгендерін мониторинг жасауды қамтиды.
Бақылаушылардың бақыланатын адамдарға біршама ықпалы
болатынында күмән жоқ. Егер бақылау заманауи технологияның кө
-
мегімен немесе жасырын жүргізілсе,
едәуір алаңдаушылық тудыруы
мүмкін. Өкінішке қарай, стресс жағдайында мұғалімдердің көбі тез
сөйлеп, әдеттегіге қарағанда дидактикалық стильді көбірек ұстанады.
Бақылаушылар алдында қателік жіберуден қауіптеніп, тәуекелге бар
-
мауға мейлінше тырысады. Олар оқытудан гөрі бақылаушылар күтетін
«нәтижені» көрсетуге тырысады. Қорыта келгенде, бақылау оқуға да,
оқытуға да психологиялық тұрғыдан теріс ықпал етуі мүмкін. Кәсіпо
-
дақтар тіпті оқушыларды мұғалімдеріне «тыңшылық жасайтын бақы
-
лау құралы» ретінде жасырын пайдаланатын жағдайлар кездесетінін
айтады (Exley, 2012).
Кез келген сабақты бақылаудың
мақсаты мен нысаны тараптар
арасында бөлінуі керек, ал егер олар бағаланатын болса, онда крите
-
рийлері алдын ала айқындалуы қажет. Бақылаушылардың көпшілігі
мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының сапасы мен си
-
патына назар аударады. Бақылау кестесінде төмендегілерге қатысты
ескертулер қарастырылады:
оқыту нәтижесі – оқушылардың тоқсан соңындағы қабылдау және
қанағаттану деңгеи�і, қатынасы, не білгені, түсінгені және жасаи� ала
-
тыны;
білігі мен дағдыларын қалыптастыру – жоспарлау, сұрақ қою, түсін
-
діру, модельдеу, нұсқау, бағалау,
талқылау, зерттеу, ұи�ымдастыру,
басқару, басқа нәрселермен баи�ланыстыру;
оқу ортасының сапасы – орындарға орналастыру, ресурстарды паи�
-
далану, денсаулық пен қауіпсіздік мәселелері, жалпы мораль мәселе
-
лері.
Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
32
Сабақты бақылау дағдылары әдеттегідей қабылданбауы керек.
Сыныптағы және сыныптан тыс жағдайдағы балалар мен мұғалім
-
дердің және басқа да ересектердің әрекетін жан-жақты түсіндіру үшін
ашық әрі күрделі болғаны жөн. Бақылаушы өз міндетін нақты білуі қа
-
жет. Нақты өзара әрекетке барынша бейімделе ме, әлде қандай да бір
баланы бақылай отырып, соңында не боларын күте ме? Бақылаушы
-
ның сабаққа қатысуы қажет пе, мысалы, оқушылармен сөйлесу арқы
-
лы баланың өзін қалай сезінетінін білуі керек пе, әлде оған білдіртпей,
ескертпе жазып, әртүрлі іс-әрекеттерін бақылауы керек пе? «Тыңғы
-
лықты» бақылаушы мен «қатысушы» рөлдері сабақта не болып жат
-
қанын түсінуді жеңілдетуі мүмкін. Билл және Мелинда Гейтс қорының
3 000 америкалық мұғалімі қатысып, бақылаушылармен диалог түрін
-
де өткізген зерттеуінде бір бақылаушыдан гөрі, екі бақылаушы жүргі
-
зетін бақылау-тексеру жұмыстары анағұрлым сенімді деген тұжырым
жасалған (Ho and Kane, 2013). Ұзақ және қысқа бақылаудың артықшы
-
лықтарын түсіну үшін зерттеушілер бақылаушылардан 15 минуттық
сабақ бейнетаспаға жазылғаннан кейін үзіліс жасап баға қоюын, содан
кейін сабақ соңында нәтижелерін тағы жазып алуды ұсынды. Зерттеу
-
шілер 15 минуттық бақылаудың артықшылығы сабақты толық бақы
-
лаумен салыстырғанда 60 пайызға жоғары екенін, сондай-ақ бақылау
уақытының үштен бір бөлігі ғана жұмсалатынын анықтады. Сонымен
қатар зерттеушілер алғашқы әсердің сақталатынын айтады. Бірінші
бақылауда мұғалімді жоғары бағалаған
бақылаушылар келесі жолы
да жақсы баға берген. Дәл солай олар мұғалімді алғашқы рет нашар
бағалаған болса, келесі жолы да солай бағалаған.
Сабақты бақылауды басқару мен нәтижелерді жазу механизмінде
кемшілік жоқ. Олар сапасы жағынан біршама ерекшеленеді. Көңілді
алаңдататын, нұсқау беретін, таңдау жасауға негізделген бақылау па
-
рақтары бұл жазбалардың бұрмалануына әкеліп соғады. Тағылымда
-
мадан өтетін стажер мұғалімдер үшін серіктестіктің нұсқаулығында
белгілі бір формадағы бақылау хаттамасында өзі туралы толық ақпа
-
рат, сынып сипаты (егер қолданылса) және кері байланысты ұйымдас
-
тыру мәліметтері қамтылуы тиіс.
Бақылау кезінде «тағылымдамадан
өтетін стажер мұғалімдер
мен қызмет көрсететін мұғалімдер ашық сабақ өткізуі қажет пе» де
-
ген мәселе төңірегінде пікірталастар бар. Бір жағынан, бақылау мұ
-
ғалімге шеберлігін шыңдауға және өзін жақсы жағынан көрсетуге
мүмкіндік береді. Кейбіреулер, соның
ішінде OFSTED мұғалімдерді
«қалыпты» жағдайда және ескертпей бақылау жүргізуді қолдайды.
Кез келген жағдайда бақылауды диалог арқылы жүргізу мұғалімнің
кәсіби көзқарасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Үздік
мұғалім өзіне-өзі сын көзбен қарайды, өз тәжірибесін жетілдіруге
Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
33
ұмтылады, кеңес алуға дайын және оны жеке басына айтылған сын
деп қабылдамайды.
Бақылаулар субъективті сипатта болмауы тиіс. Олар мұғалімді кә
-
сіби дағдылары мен өзін-өзі жетілдіруінде жетекші орын алатын даму
процесінің бір бөлігі ретінде жүргізілуі мүмкін. Бұл – бұрыннан кеңінен
қолдау тапқан тәжірибе. ХІХ ғасырдан бастап мұғалімдер мен оқыту
-
шы-педагогтер кәсіби аудиторияларға модельдеу немесе таныстыры
-
лым сабақтарын өткізеді. Қазіргі кезде менеджер, тьютор, мұғалімдер
-
дің, кейде тіпті оқушылардың сабақты бақылауына мүмкіндік беретін
қашықтан оқыту технологияларын кейбір мектептер мен жоғары оқу
орындары қаржыландыруда. Камералар әртүрлі аудиторияларда және
ашық жерлерде орнатылған, ал бақылау қашықтан жүргізіледі. Бақы
-
лау зерттеу термині ретінде де қарастырылады, мысалы, мұғалімге өз
іс-тәжірибесінің аспектілері туралы ақпарат беру үшін іріктелген де
-
ректерді жинау құралы ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: