Ең жақсысын саралау Қауымдар палатасының білім комитеті (2012) қолда бар зерттеу
-
лерде оқыту сапасын саралауға қатысты нақты бір келісім жоқ екенін
мойындайды. Алайда мұғалімдерді бағалау жүйесіне жасалған ауқымды
Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
27
халықаралық шолуда мұғалімдерді бағалау моделі әділетті әрі на
-
нымды болуы үшін мұғалімге баға беруге көмектесетін «жақсы оқы
-
ту» деген не екенін көрсететін стандарт үлгілері қажет екені айтыл
-
ған (OECD, 2009: 9).
Англияда мұғалімдерге арналған стандарттар (DfE, 2013a) мұғалімдерді бағалаудың негізін қалыптастырады әрі осы
істе айқын бағдар болып табылады. Төмендегі сегіз стандарт барлық
мұғалімдерден күтілетін нәтиженің ең төменгі деңгейін белгілейді:
1) оқушыларға үлкен үміт артып, оларды ынталандыру, шабыттан
-
дыру, ойына қозғау салу;
2) оқушылардың дамуына, жақсы нәтиже көрсетуіне ықпал ету;
3) оқу бағдарламасы мен пәндегі білімді жақсы жеткізу;
4) жақсы құрылымдалған сабақты жоспарлау және оқыту;
5) оқытуды барлық оқушылардың күшті жақтары мен қажеттілікте
-
ріне сәйкес бейімдеу;
6) бағалауды дәл және нәтижелі қолдана алу;
7) жақсы және қауіпсіз оқу ортасын қамтамасыз ету үшін мінез-
құлықты тиімді басқару;
8) біршама ауқымды кәсіби міндеттерді орындау.
Мұғалімдерге білім беру жөніндегі университеттер кеңесі (UCET)
мұғалімдерді бастапқы даярлауда стандарттарды түсіндіру бойынша
пайдалы нұсқаулар берді (UCET, 2012). Мұғалім қызметіне баға беру
-
шілер (мысалы, мектеп директорының орынбасары) мұғалімнің тиісті
рөлінен немесе еңбек жолының белгілі бір сатысынан қандай нәтиже
күтілетінін шешуде кәсіби пайымын қолдануы қажет.
Тәуелсіз шолу (Coates, 2011)
мұғалімдер стандарттары аясында
басқа жоғары дәрежелі мұғалімдерге арналған бірыңғай стандарт енгі
-
зуді ұсынды. Бұл стандартта жоғары нәтиже көрсететін мұғалімдердің
сипаттамалары беріледі:
A) Білім. Мамандығы бойынша білімі өзі оқытатын бағдарламадан да
ауқымды әрі терең болуы керек;
Ә) Сыныптағы үлгерім. Сыныпты басқаруы, яғни оқушыларға шебер
нұсқау бере отырып, оларды ынталандыруы және ой-өрісін кеңей
-
туі қажет;
Б) Нәтиже. Оқушылардың қарастырылған мәселе бойынша қол жеткіз
-
ген жетістігі;
В) Қоршаған орта мен этика. Бұл – оқушыны мәдениетке, сонымен қа
-
тар өзара сыйластық пен әдептілікке ынталандыру;
Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
28