Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет13/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

et al., 
2003; Home Office, 2003). 3-тарауда мұғалімдердің өзгермелі рөлі 
талқыланады, өйткені мектеп олардың өз мүмкіндігі мен құзіретін ре
-
сурстары жеткіліксіз басқа қоғамдастықтарға қолжетімді етуге тыры
-
сады. Бұл мұғалімдерге үлкен проблема туғызады, өйткені олар кейде 
әлеуметтік қызметкер және балалардың семіздігі, нашақорлық және 
жасөспірімдердің жүктілігі сияқты проблемаларды шешуші маман ре
-
тінде қабылданады. (Judd, 1994; Lipsett, 2008). Сонымен қатар үздік 
мұғалім белсенді қоғамдастық құру және кедергілерді жою үшін мек
-
тептердің ата-аналармен және басқа да тұлғалармен тығыз байланыс 
орнатуы қаншалықты маңызды екенін біледі:


Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
25
Бізбен бірге саяхатқа шыққан кейбір ата-аналар алғаш рет шіркеу 
табалдырығын аттады. Олар шіркеудің қаншалықты жанына жаққа
-
нын, тыныштық сыйлағанын сөзбен айтып жеткізе алмады. Тыныш
-
тық орнаған әрі ғибадат ететін орын деп ешқашан ойламағандарын 
жасырмады. Еш уақытта келмегендіктен, оның қандай болатынына 
да ой жүгіртпеген. Оларға шіркеуге барған ұнады. Шіркеуден келген 
соң сол туралы басқаларға айтып, өз түсінігін кеңейтеді. 
(Rowe 
et al
., 2011: 18)
Мұғалім рөлі ерекше, өйткені ол – мәдениет жанашыры. Оқушы
-
лардың мұражайға, галерея мен кітапханаға барып, жергілікті және 
ұлттық мұралармен танысып, ләззат алуы үшін есік ашатын да осы мұ
-
ғалім. Бұрынғы Білім министрі Майкл Гоув Мемлекеттік оқу бағдарла
-
масы аясында мұғалімдер «оқушыларды айтылған жақсы нәрсенің бә
-
рімен таныстыруға» міндетті деген болатын (DfE, 2013b: 5). Бұл жерде 
Гоув ХІХ ғасыр жазушысы әрі мектеп инспекторы Мэтью Арнольдтың 
сөздеріне жүгініп отыр, ол «мектеп – әлемдегі ең жақсы ойлар мен ай
-
тылған сөздерді беруі керек» деп санаған. Жаһандық перспективаның 
да маңызы зор. Жақсы мұғалім күннен-күнге өзгеріп жатқан қоғамда 
олимпиада ойындары сияқты мәдени белсенділіктің, сауда және ком
-
муникацияның адамдарды бір-бірімен қалай байланыстыратынын 
оқушының түсінуі маңызды екенін мойындайды.
Мектеп жүйесі қалыптасқаннан бері оның басты мақсатының 
бірі – балаларды кітап оқуға және одан ләззат алуға үйрету болды. 
The 
Spectator
журналының негізін қалаушы Сэр Ричард Стил (1672–1729): 
«Денеге жаттығу жасау қаншалықты қажет болса, ақылға да оқу сонша
-
лықты қажет» деген. Оқу адамдардың күнделікті ісімен айналысуына 
мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен бірге тұлғаның дамуына кө
-
мектеседі. Жақсы оқырман өзін дамыта отырып, басқалардың көзқара
-
сын бағалай білуді үйренеді. Оларда сұрақ туындайды, толғанады, ой 
елегінен өткізеді, үміттенеді, сенеді, сөйтіп барлық эмоцияны басынан 
өткереді. Өзіңізді оқи-жаза білмейтіндердің қатарына жатқызып көрі
-
ңізші. Бұл – Біріккен Корольдіктегі мектеп қабырғасында 10 жыл оқыса 
да, функционалды сауатсыз деп саналатын әрбір ересек адамның бестен 
біріне қатысты шындық. Бұл олардың супермаркеттегі тауардың эти
-
кеткасын оқи алмайтындығын немесе жұмысқа қабылдау туралы өтініш 
жаза алмайтындығын білдіреді. Сауатсыздық – дүниежүзілік дағдарыс.
Америкалық кәсіпкер және бұрынғы оқытушы Джон Коркоран 
сауат ашқанға дейін өзінің қалай ұялғаны, құлазығаны, қорыққаны ту
-
ралы айтады. Ол колледждің жоғары сыныптарда 17 жыл сабақ беріп, 
оқып-жаза алмайтынын жасырып келген. Сауатты адам болып көріну 
үшін өзімен бірге кітап алып жүрген. Өз сауатсыздығын жасыру үшін 


Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
26
оқушыларды дауыстап оқытып, пікірталастар өткізген және жауабы 
белгілеу арқылы көрсетілетін стандарт тестілерді қолданған. 50 жас
-
қа дейін сауатын ашпаған ол қазіргі таңда сауатсыздықты жоюмен 
айналысатын коммерциялық емес ұйым Джон Коркоран қорын бас
-
қарады (www.johncorcoranfoundation.org). Сауатсыздықтың келтіре
-
тін шығыны жылына шамамен 81 миллиард фунт стерлингті құрайды
(Cree 
et al.
, 2012). Денсаулықтың болмауы мен сауатсыздықтың, қыл
-
мыс пен жұмыссыздықтың арасында бір байланыс бары анық. Қара
-
пайым тілмен айтқанда, жақсы оқырман жақсы азамат болып шы
-
ғады. Ал мұғалім жақсы оқырманның іс-әрекетін модельдеуде және 
баланың оқуға деген құштарлығын оятуда әлеуметтік жауапкершілік
арқалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет