Үздікті анықтау
Оқытудың маңыздылығымен баршамыз келіскенімізбен, оның
тиімді жолын нақты сипаттап, таразылау жағы әлі де анық емес.
«Сапалы оқыту» (Stones, 1992), «саралап оқыту» (Turner-Bisset, 2001),
«білікті мұғалім» (Mayo, 2002), «ерекше мұғалім» (Danielson, 2013), «бі
-
ліктілігі жоғары мұғалім» (McLaughlin and Burnaford, 2007), «ардагер
ұстаз» (Shulman, 1987) және «озат және үздік мұғалім» (McBer, 2000)
деген терминдерден тұрады. Үздік және озат деген сөздер – оқыту са
-
пасын анықтайтын синоним терминдер. Үздік мұғалім – басқаларға
үлгі болатын Земельман және басқалар (2005) айтқандай, «заман та
-
лабына сай, салмақты, ойлана алатын, ақпарат беретін, жаңашылозық
тәжірибесін бөлісетін тәлімгер» (1.1-кесте).
Тағылымдамадан өткен бір топ стажер мұғалімнен қалай үздік мұ
-
ғалім болуға болатынын сұрады (1.2-кесте). Стажер мұғалімдердің сұ
-
раққа жауаптары мұғалімнің жоспарлауы, сыныпты басқаруы, бағалау
дағдылары мен өз білімін жетілдіруі тұрғысында емес, көбіне мұғалім
-
нің жеке басының қасиеттерін көрсетумен шектелді. Мұғалімдердің
жеке қасиеттерін үздік болудың сапалық көрсеткіштеріне жатқызған
-
дықтан, алдыңғысы олар үшін қарапайым әрі есте қаларлықтай емес
болып көрінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |