Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет12/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

1
ТАРАУ


Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
23
зейнет жасына дейін көбірек қаражат жинайтынын көрсетеді. (Chetty
et al
., 2012). Қайсыбір зерттеу көрсеткендей, 8 жасар екі балаға екі түр
-
лі: бірі жоғары санаттағы (үздік 20% қатарындағы) және екіншісі тө
-
менгі санаттағы (кәсібилік санаты төмен 20 пайызға кіретін) мұғалім 
сабақ берсе, 3 жыл арасында олардың үлгеріміндегі алшақтық 53 па
-
йызды құрайды екен (McKinsey, 2007). Орта мектепте жұмыс өнімділігі 
жоғары және төмен мұғалімдердің оқушылары көрсететін білім сапа
-
сының айырмашылығы орта білім берудің жалпы сертификатындағы 
(GCSE) үш деңгейден де үлкен болып шыққан (Slater 
et al
., 2009). 
Бұдан жақсы және нашар мұғалімнің балаға қаншалықты ықпал 
ететінін байқаған боларсыз. Америкалық зерттеулерге сәйкес жоға
-
ры білім сапасын көрсеткен 10 пайызға енетін мұғалім 3 жыл қата
-
рынан оқытқан оқушы, дәл сол уақыт аралығында көрсеткіші төмен
10 пайызға енетін мұғалім оқытқан оқушыдан 2 жылға озып кетеді 
екен (Sanders and Rivers, 1996). Бірнеше біліктілігі төмен немесе нашар 
мұғалім оқытқан балаларда түрлі қиындықтар болып, өз қатарласта
-
рынан қалып қою мәселесі туындайды. Әсіресе мұғалімдер әл-ауқаты 
төмен отбасынан шыққан балалар өміріне де айтарлықтай ықпал ете 
алады. Саттон Трастың (2011) берген есебіне сәйкес, әлеуметтік жағда
-
йы төмен оқушыларға жақсы мұғалім 1,5 жылдық, ал біліктілігі төмен 
мұғалім 0,5 жылдық білім көлемін меңгертеді. Басқаша айтқанда, бұл 
оқушылар үшін біліктілігі жоғары және төмен мұғалімдердің айырма
-
шылығы бір жылға пара-пар. Сапалы оқыту мәселесі үлкен мәнге ие, 
өйткені бұл оқушылардың оқу үлгерімін арттырудағы маңызды мек
-
теп факторы болып саналады (Darling-Hammond, 2000).
Соңғы жылдардағы жаһандық қаржы проблемаларын есепке 
алып, таза экономикалық тұрғыдан қарағанда мұғалімдердің рөлі 
ерекше. Мұғалімнің
 
кәсіби шеберлігін стратегиялық дамыту мен қыз
-
меттік әрекетін тиімді басқару арқылы оқыту сапасын арттыруға бо
-
лады деген дәлелді тұжырымдар бар. Жақсы мұғалім оқушылардың 
мектептен сапалы білім алып шығуына, сөйтіп табысты жұмысқа ор
-
наласуына немесе әрі қарай білімін жалғастыруына себепкер болады. 
Оған қоса «Білім беру стандарттары» мемлекеттің әл-ауқатын анық
-
тайтын фактор саналады. Экономикалық өсудің өзі тұтас Біріккен
Корольдік аумағындағы сыныптарда болып жатқан жағдайға бай
-
ланысты. Стэнфорд университетінің көрнекті академигі, профессор
Ханушек мектеп басшылығының нашар мұғалімдерді жұмыстан шы
-
ғарып, жоғары нәтиже көрсеткендерді марапаттауының экономикаға 
пайда келтіріп, көп қаржы үнемдеуді мүмкін ететінін есептеп шығар
-
ды (Hanushek, 2010a, 2010b; OECD, 2011). Ол оқушылар қабілетін баға
-
лаудың халықаралық бағдарламасының (Pisa) тестілері арқылы анық
-
талған Біріккен Корольдіктегі білім беру сапасын зерделеп, осындай 


Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
24
тұжырымға келген. Ханушектің айтуынша, егер британдық балалар 
канадалық стандарт бойынша білім алса, экономика өнімді болып, ор
-
таша жұмысшы жалақысы 17 пайызға артар еді (Nelson, 2013). Оның 
пікірінше, үздік мұғалімдерді көп оқушы оқитын сыныптарға бөлу 
арқылы сол мұғалімнің ықпалын арттыруға болады. OFSTED (Білім 
беру стандарттары басқармасы) басшысы Майкл Вилшоу Англиядағы 
білім берудің жай-күйін екі мемлекеттің әңгімесі түрінде баяндайды: 
«Әртарапта дүниеге келіп, түрлі мектептер мен колледждерде оқы
-
ған балалардың қабілеттері мен шыққан орталары ұқсас болғанымен, 
олардың білім сапаларының әрқилы болуына байланысты болашақ
-
тан күтері де әртүрлі болады» (Michael Wilshaw, OFSTED, 2013: 8). Бұл 
дәйексөз инспектордың 2012–2013 жылдары секцияда жасаған «Қабі
-
летсіздікпен күрес» деп аталатын жыл сайынғы баяндамасынан алын
-
ған. Дегенмен оқыту сапасын білім берудің шектеулі нәтижелерімен 
анықтау көңілге күмән ұялатады. 
Оқытудың мәні оқушылардың тест немесе емтиханды қаншалық
-
ты жақсы тапсырғанымен ғана шектелмейді. Әділетті әрі толерантты 
қоғам құруда мұғалім мен мектептің атқаратын рөлі зор. Үздік мұға
-
лімдер әртүрлі ортадан шыққан оқушыларға бірдей мүмкіндіктер жа
-
сау арқылы әлеуметтік әділдікке ұмтылады. Олар өздерінің әлеуметтік 
міндеті барлық оқушылардың өз ұмтылыстарына қол жеткізуіне және 
әл-ауқаты төмен оқушылардың өздеріне деген сенімін жоғалтқанын 
күтпей қолдау көрсету деп біледі (Menzies, 2013). Ең бастысы, олар 
балалар өміріне жағымды ықпал етуді өздерінің моральдық мақсаты 
деп түсінеді. Жыл сайын шамамен 600 мыңға жуық оқушы мемлекет
-
тік мектептен білім алып шығады. Оның ішінде 80 мыңға жуығы мек
-
тепте тегін тамақтануға құқылы. 2010 жылы 80 мыңның тек қырығы
Оксфордқа немесе Кембриджге оқуға түсті. Әл-ауқаты төмен отбасылар
-
дан шыққан балалардың көбі жетекші жоғары оқу орындарына түсуі, 
жақсы жұмысқа орналасуы керек деген сөзбен келіспейтіндер кемде-кем. 
Мектеп көбіне кең ауқымды әлеуметтік мәселелермен айналыса
-
тын алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі болып саналады (Crowther 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет