Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
37
Соңғы онжылдықта бала құқығын қорғау деңгейі көтерілгеннен
кейін оқушылар пікірі шындап қабылдана бастағаны сөзсіз. Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бала құқығы туралы конвенциясы (Біріккен
Корольдік үкіметі 1991 жылы қабылдаған) заңды түрде балаға өз көзқа
-
расын еркін білдіруге құқық береді. Бұл Біріккен Корольдік деңгейін
-
де үкіметтік, инспекциялық және кәсіби әдебиеттер арқылы танылған
(мысалы, DCELLS, 2007; Aitken and Millar, 2004; Burke and Grosvenor,
2003). Білім беру сапасын бағалау кезінде оқушының көзқарасын ес
-
керуге баса назар аударылғанымен, сақтық таныту қажет. Брандретт
пен Силкок (2002: 12) көрсеткендей, «құзіретті немесе оңтайлы оқы
-
тудың қандай болатынын іс-тәжірибеге қарап бағамдай алмайтыны
-
мыз секілді, жақсы оқытудың не екенін де мұғалімдермен немесе оқу
-
шылармен жай ғана сөйлесу арқылы анықтай алмаймыз». Кейбір сы
-
нып жетекшілері, мектеп директорлары және университет оқытушы
-
лары оқыту мен оқу сапасы сияқты күрделі мәселелер бойынша пікір
білдіруге балалардың біліктілігі жетпейді деп есептейді. Алайда көп
жағдайда мұғалімдердің көрсетуі бойынша, олар конструктивті және
қолдау сипатындағы оқушылармен кеңесуден қорықпайтын көрінеді.
Мұғалім өзіне неғұрлым сенімді болған сайын оқушылардың көзқара
-
сын қорқыныш ретінде емес, өзіндік рефлексия ретінде қарастырады.
Балалардың мұғалімдермен қарым-қатынасын өзгерту қиындық ту
-
дыруы мүмкін. Бір зерттеу жобасында бүкіл әлемдегі математика пәні
мұғалімдерінің бетін «ауыр ойдан» әжім торлағанын, стилі мен дос
-
тары жоқ «ботаник» ретінде қабылданатынын анықтады. Британия,
Швеция, Германия, Румыния және Америка Құрама Штаттары секілді
елдердің 12–13 жас аралығындағы оқушылары тақтада немесе ком-
пьютерде көзілдірік тағып, жұмыс істеп тұрған, сақалды, таз ер адам
-
ның суретін салды (Savill, 2001).
Достарыңызбен бөлісу: