Сабақтың тақырыбы Идеал газ. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Сілтеме



Дата18.06.2017
өлшемі100,84 Kb.
#19173
түріСабақ
Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы

201 орта мектеп-лицейінің



физика пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар № 30



Сабақтың тақырыбы

Идеал газ. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі.



Сілтеме




1.Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспар.

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.

3.А. Орақова, Ж. Жартынова «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»

4.Ғаламтор .


Жалпы мақсаты


1.Танымдық: Оқушыларға идеал газ, реал газ, орташа кинетикалық энергия туралы білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру, молекула – кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін қорытып шығару және формуласына есептер шығару дағдысын дамыту.

2.Эмоциялық: Сыныптағы ынтымақтастық негізінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру.

3. Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттесетін жұмыс түрлерін ұсыну, жұппен жұмыс жасауға , бірлесіп жұмыс жасауға баулу.


Ресурстар

Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық (10 сынып), бейнематериал, АКТ, тапсырмалары бар парақшалар, таныстырылым .




Күтілетін нәтиже

Оқушылар Больцман тұрақтысының физикалық мағынасын түсінеді, идеал газ, реал газ, идеал газ, орташа кинетикалық энергия, МКТ- нің теңдеуі туралы толық мәліметті біледі, формуласын қорыта алады, орташа және жоғары дәрежелі есептер шығарады.





Негізгі идеялар

Идеал газ қысымының бірлік көлемдегі молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына , яғни кинетикалық энергияның тығыздығына пропорционал.

Газ молекулаларының хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы абсолют температураға пропорционал.


Дереккөз

1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. Физика,10 сыныпАлматы, «Мектеп» 2010 ж

2. С.Тұяқбаев, Ш. Тынтаева, Ж.Бақынов. Физика. Есептер жинағы Алматы «Мектеп», 2010

3.А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы, Алматы, «Мектеп» 2012 ж




Әдістер

Сергіту.

Топқа бөлу.

«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс.


Бағалау.



Топтық жұмыс. Мадақтау сэндвичі.

Жұптық жұмыс. Бармақпен бағалау.

Жеке жұмыс. Критерийлер арқылы.



Тапсырмалар


1.Миға шабуыл ( Сұрақтар арқылы)
2.Топтық жұмыс ( Мәтінмен танысу). Сынып алдында жалпылай қайталау
3.Жұптық жұмыс ( Формулалар сөйлейді)
4.Жеке тапсырма ( Есептер шығару)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :





Сабақ кезеңдері


Әдістер


Мұғалімнің іс- әрекеті


Оқушының іс- әрекеті


1


Ұйымдастыру кезеңі

(4 минут)


Сергіту. «Мен жақсы көремін» ойыны
«Топқа бөліну».

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.

Санау арқылы топқа бөлу.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мысалы, «Мен анамды жақсы көремін, себебі ...» деп айтады, оқушылар әрі қарай жалғастырады.


Оқушылар 1,2,3,4 – ке дейін санау арқылы төрт топқа бөлінеді.



2


Үй тапсырмасын сұрау

(4 минут)


«Кім тапқыр?»
«Температура. Температураны өлшеу»

Топтарға стикерлер таратып беру.


Оқушылар стикерге үй тапсырмасына байланысты сұрақ жазады, келесі топқа береді, топтар жауап береді.






3


Қызығушылығын ояту. (3 минут)


«Миға шабуыл».

Сұрақтар арқылы.

1.Заттың газ күйінің молекулалы-кинетикалық теория негізіндегі сипаттамасын беріңдер.

2. Газдарда молекулалардың арақашықтықтары қандай болады?



Сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.




4




Мағынаны тану.

(20 минут)



Топтық жұмыс.

Мәтінмен танысу.


«Сынып алдында жалпылай қайталау» әдісі

Жұптық жұмыс.


Топ мүшелеріне мәтінмен танысуға тапсырма беріледі.


Оқушыларды жұпқа бөлу.

Парақшалар таратып беру, формулаларды қорытып шығаруға тапсырма беру.

Топтағы оқушылар алдымен өздері оқып шығады, жұппен талдайды, топта талқылайды. Мәтіннің мазмұнын ашады,

постерге өз ойларын жазып, қорғайды.
Топ спикерлері ортаға шығып қорғайды.

Оқушылар тапсырманы орындайды, формуланы қорытады, түсіндіреді.






5


Ой толғаныс.

(8 минут).


Жеке жұмыс.

Есеп шығару


Есептер бар парақшаны тарату.


Жұмысты тексеру,

критерийлер бойынша бағалау .



Оқушылар тақырып бойынша есеп

шығарады .



6


Қорытынды

(3 минут)

Кері байланыс

(3 минут)




«Менің сабақтан алған әсерім...»

«Идеал газ. МКТ- нің негізгі теңдеуі » тақырыбындағы таныстырылым арқылы қортындылаймын.





Әр оқушы сабақтан алған әсерін жазады (рефлексия).



7




Үй тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар.

Идеал газ. МКТ- нің негізгі теңдеуі. № 472-476 есептер.




Кейінгі оқу.

Тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастырып келу.РРРРРр



Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді.



Тапсырмалар


Оқушы жауаптары

1

Идеал газ мкт-нің негізгі теңдеуін жаз. Әрбір шамаға сипаттама бер.




2

Негізгі формуладан молекула массасының формуласын қорытып шығар.




Орташа квадраттық жылдамдықтың формуласын қорытыңдар.




Молекулалар концентрациясының формуласын жазыңдар.




3

Формула бойынша қысымның негізгі өлшем бірлігін қорытып шығарыңдар.




Жеке жұмыс. Есептер шығару.

  1. Жұлдызаралық газ молекулаларының концентрациясы орташа алғанда 1 м-3 – ке тең, газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы 1,5 * 10 -21 Дж. Жұлдызаралық газ қысымын анықтаңдар.

  2. Егер құты ішіндегі қысым 105 Па, ал ауа молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы 5* 10 -21 Дж болса, онда радиошам құтысындағы ауа молекулаларының концентрациясы неге тең?

  3. 10 5 Па қысым кезіндегі концентрациясы 3 * 10 25 м -3 идеал газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын анықтаңдар.

  4. Төмендегі кестедегі белгісіз параметрлерді анықтаңдар




Газ


р, Па



n , м-3


υ, м/с


m0 , кг

СО2














О2














Н2















Рефлексия.

Сабақта мақсатыма жете алдым ба ________________________________________________________________



___________________________________________________________________________________________________

Сабақтың тиімді жақтары _________________________________________________________________________



___________________________________________________________________________________________________

Тиімсіз болған жақтары ___________________________________________________________________________



___________________________________________________________________________________________________

Келесі сабақта нені ескеру қажет _________________________________________________________________



___________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет