Гуманитарлық пәндер табиғаты
(тарих, география және дінтану)
Әдетте бастауыш мектепте оқытылатын гуманитарлық пәндер:
тарих, география және дінтану (Hoodless
et al.,
2003; Grigg and Hughes,
2013). Бұл адамға бағдарланған пәндер, яғни олар адамның өмір сүру
жағдайына ден қояды. Гуманитарлық пәндердің маңызын белгілі бір
тұлғалар туралы әңгімелер, оқиғалар және тарихи орындар арқылы тү
-
сіндіруге болады. Мәселен, Ұлыбританияда ұзақ жасаған адамдардың
өмірінен (100 жылдан астам өмір сүрген) салыстырмалы түрде алғанда
қысқа уақыт аралығындағы, мысалы, технологиялар мен тұтынушы
-
лар қауымының өсуі, материалистік құндылықтарға қажеттіліктің ар
-
туы, христиан дінінің құлдырауы, жаһандану, көп мәдениеттілік және
демократияның етек жаюы секілді қоғамдағы үлкен өзгерістерді көру
-
ге болады. 2004 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың британдық және
германиялық соңғы ардагерлері Гарри Патч (1898–2009) пен Чарльз
Куэнцтің (1897–2005) кездесуі гуманитарлық пәндер үшін аса маңыз
-
ды орын, ес, достық, сенім, төзімділік, жанқиярлық және кешірім тура
-
лы басты мәселелерді көтерді. Жергілікті қоғамдастықтағы қарт туыс
-
тарымен сұхбаттасу арқылы балалар гуманитарлық пәндердің негізін
қалайтын өзгеріс, прогресс, эмпатия, билік, хронология, орын, уақыт,
ұқсастық пен айырмашылық, кикілжің мен ымыраға келу, наным мен
сенім және кешірім сияқты негізгі ұғымдар туралы түсінік ала алады.
Тарихты, география мен дінтануды гуманитарлық ғылымдар ая
-
сында жоспарлау мен оқытуға сұрақ қою, дереккөздерді іздеу және тал
-
дау дағдылары сияқты жалпы оқу элементтерінің ортақ болуы негіз
болып отыр (Taba, 1962; Hoodless
et al.,
2003). Зерттеу дағдылары Білім
беру стандарттары басқармасының (OFSTED; 2012a) тарих, география
және дінтануды үздік оқытуға арналған бағалау сипаты арқылы жүзеге
асырылады (8.1-кесте).
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
315
Достарыңызбен бөлісу: |