Кең ауқымды оқу бағдарламасы
318
Шотландиялық оқыту бағдарламасында
озат оқушыларға арнал
-
ған әлеуметтік зерттеулер 3 элемент төңірегінде ұйымдастырылған:
1) тұлғалар, тарихи оқиғалар мен қоғам;
2) тұлғалар, орын және қоршаған орта;
3) қоғам, экономика мен бизнестегі тұлғаның рөлі.
Онда «әр әлеуметтік субъектінің жергілікті контексті көрсетуге
ерекше үлес қосатыны» айтылады. Алайда мұғалімдердің бұған қа
-
тысы жоқ, олар өз сабағын оқу бағдарламасына сай жоспарлауы тиіс.
Діни-адамгершілік тәрбие беру оқушылардың христиан және басқа
да әлемдік діндер туралы білімін қалыптастырады, сонымен қатар
философиялық зерттеулердің кейбір аспектілерімен таныстырады.
Солтүстік Ирландияда география мен тарих, ғылым мен технология пән
-
дерімен қатар кешенді түрде оқытылады (CCEA, 2007). Бұл Блайттың
(1990) гуманитарлық ғылымдарды құрайтын тарих, география және
әлеуметтік ғылым секілді салалар бар деген болжамына сәйкес келеді.
Гуманитарлық пәндерді оқытуда жиі кездесетін мәселелердің
бірі – балаларды тұжырым жасауда сақ болуға үйрету. Белгілі бір се
-
нім, оқиға, халық немесе жерді сипаттауда шартты тілді қолданған
жөн. Мысалы, «еврейлер Шаббатты осылай атап өтеді» немесе «кейбір
викториандық мұғалімдер қаталдығымен ерекшеленеді». Ересек бала
-
ларды қарама-қайшы пікірлерді қарастыруда «Басқа тұрғыдан қарап
көрсек...», «Алайда...», «Басқа көзқарас тұрғысынан қарағанда...» сияқты
үлгілерді қолдана отырып
Достарыңызбен бөлісу: