8.1-КЕСТЕ. Гуманитарлық пәндерді үздік оқытуға арналған бағалау сипаты
Пән Оқыту сапасы Тарих
■ Мұғалімдердің тәжірибесі оның тарихты оқу мен оқыту саласын-
да үздіксіз білім алуы мен сол білімін қолдануы арқылы көрінеді
■ Оқыту зерттеуге негізделеді және мұғалімдер үнемі тарихи тұр-
ғыда ойлануды талап етеді
■ Мұғалімдер өзінің тарихқа деген құштарлығы туралы әңгімелеп,
оқушыларды үнемі үлкен жетістікке жетуге шақырады
■ Тарих меңгеруге оңай пән ретінде емес, оқи отырып зерттеуді
қажет ететін динамикалық пән ретінде аса шеберлікпен ұсы-
нылған, нәтижесінде оқушылар сабақта тарихи зерттеулер жүр-
гізуге құштар, білікті зерттеуші ретінде көрінеді
■ Мұғалімдер сабақта оқушылардың тарих пәні бойынша білімін
дамыту үшін үнемі өз тәжірибелерін жетілдіріп отырады
■ Оқыту оқушыларды бұрынғы көзқарастарын өзгертуге және уа-
қыт өте келе бұрынғы таным-түсініктердің неліктен өзгеретінін,
тарихты білудің маңыздылығы мен оларға ұсынылатын нақты
тақырыптарды білудің не үшін қажет екенін түсінуге көмекте-
седі
■ Оқыту оқушылардың тарихи түсінігін дамытуда алдыңғы білімін
қолдануын қамтамасыз етеді, нәтижесінде сабақтар тарихтың
өзіне тән қатаң тәртібін сақтай отырып, жаңашыл әрі қызғылық-
ты өтеді
География
■ Оқушылардың география пәніне деген құштарлығы мен құлшы-
нысын оятады
■ Арнайы және заманауи білім тұрғысынан да, пәнді оқытуды дұ-
рыс түсіну тұрғысынан да жоғары нәтижеге, өзіне деген сенімге
және жоғары біліктілікке қол жеткізеді.
■ Оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандыру және
пәнді жан-жақты толық меңгерту үшін оқытудың әртүрлі инно-
вациялық және шығармашылық стратегияларын аса тиімді қол-
данады
■ Оқытудағы қосымша жұмыс түрі ретінде табиғитта дала зерттеу-
лерін жүргізуді тиімді қолданады
■ Сабақтың құрылымдық бөліктері айқын және инновациялық ре-
сурстар жүйелі түрде өте тиімді қолданылады және ауқымы әр-
түрлі географиялық мәселелерді зерттеу үшін мультимедиалық
құралдар тиімді пайдаланылады
■ Әртүрлі карталарды пайдалану қалыпты жағдайға айналған
■ Оқушыларға мәліметтер мен ақпарат көздерін іздеуге, таңдауға,
ұйымдастырып зерттеуге, сонымен қатар ақпаратты өз бетімен
оңай нақтылап ұсынуға мүмкіндік беру үшін АКТ мен геогра-
фиялық ақпараттық жүйелер (қажет болған жағдайда) өте тиімді
қолданылады
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
316
Тарих, география және дінтануға ортақ оқиғалармен танысу, тари
-
хи және т.б. орындарға бару, артефактілер, фотосуреттер, этикалық мә
-
селелерді топпен талқылау және өлкетану секілді оқыту тәсілдері мен
ресурстар да бар (8.1-қосымша).