Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Теріс мінез-құлықтың түрлері мен себептері



Pdf көрінісі
бет417/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Теріс мінез-құлықтың түрлері мен себептері 
Мектепте ұсақ тәртіп бұзу жиі кездеседі. Дегенмен ұсақ тәртіп бұзу
-
ды әр мұғалім түрліше қарастыруы мүмкін. Жалпы айтқанда, мазақтау, 
ысқыру, ретсіз сөйлеу, айқайлау сияқты сабаққа кедергі келтіретін қы
-
лықтар ұсақ тәртіп бұзушылыққа жатады. Кокс (2008) анықтағандай, 
қаламсапты партада тақылдату, орындықта теңселіп отыру, жай айт
-
қанға құлақ аспау, мобилді телефон – осының бәрі адамды шаршатады. 
Мұнда кішігірім тәртіпсіздіктің 5 негізгі категориясы берілген 
(12.2-кесте). Мұндай мінез-құлықтар құрықталып отырмаса, үлкен тәр
-
тіпсіздіктерге ұласып кетеді. Ірі тәртіп бұзуға: мұғалімнің беделіне нұқ
-
сан келтіру, ауызша және физикалық күш қолдану немесе жекеменшік 
заттарды бүлдіру жатады. Мұндай әрекеттер мұғалімнің жігерін жасы
-
тып, көңілін қалдыруы мүмкін. 
Джонсон мен оның әріптестерінің (2007) еңбегінде балалардың 
тамағы тоқтық пен іш пысу сияқты көптеген себептерден тәртіпсіз
-
дікке баратыны жазылған. Алайда мінез-құлықтық, эмоциялық және 
әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар (behavioural, emotional and 
social difficulties, 
әрі қарай мәтінде
– BESD) балалар да кездеседі.
BESD балалар 
Англияда бұрынғы білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалар 
(SEN) туралы құжат (DfES, 2001: 87) мінез-құлқында, эмоциясы мен 
әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар (behavioural, emotional and 
social difficulties – BESD) балалар мен жасөспірімдерді былайша анық
-
тайды: шеттетілген немесе оқшау қалған, бұзық және тәртіпсіз, гипер
-
белсенді және тынымсыз; ересек өмірдің әлеуметтік дағдыларын мең
-
гермеген; басқа да кейбір күрделі қажеттіліктен болатын мінез-құлқы 
қиын балалар. Сондай-ақ BESD терминінің ұғымы кең. Депрессия, ма
-
засыздық және мектепті жек көру сияқты қалыптан тыс мінез-құлық 
танытатын балалар мен жасөспірімдерді де осы диагнозға жатқызуға 
болады. Мұнда тағы арнайы жағдайдағы балалар бар. Бұған Туретт 
синдромымен (физикалық және вербалды тартылу ауытқушылығы 
бар науқасты алғаш анықтаған француз докторының атымен аталады),
Аспергер синдромымен (қимыл байланысы жетілмеген балаларды 
анықтаған Австрия педиатрының аты берілген) және басқа да психиат
-
риялық ауытқушылықпен ауыратындар жатады. 
Кең тараған және органикалық қажеттілігіне байланысты қан
-
ша баланың BESD тобына жататынын анықтау қай кезде де өте қиын. 
Жалпы алғанда, бұл сұранысты қауіпсіз және қолдаушы мақсаттағы


Мінез-құлықты басқару 
497
мынадай қадамдар арқылы білуге болады: кеңес беру, мінез-құлыққа 
маманданған және когнитивті қадамдар, ұйымдастырылған икемді 
оқыту шаралары, үлкендермен, құрбылармен позитивті және тұрақты 
қарым-қатынас орнату, балама байланыс түрлері арқылы және құрал-
жабдықтарды, ресурстар мен көмекші құралдарды тексеру жолдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет