Мінез-құлықты басқару
514
Буллингтен болатын зардапты ешқашан назардан тыс қалдыруға
болмайды. Ұзақ уақытқа созылған кейбір зардаптар баланың ересек
өміріне де әсер етеді. Ол зардап шеккен отбасына үлкен трагедия мен
жүрек ауыртатын зардап әкелуі мүмкін және ешбір буллинг жазасыз
қалмауы керек. Қиыны сол, әлімжеттік жасаушылардың белгілі бір
белгісі жоқ. 2006 жылғы зерттеуде оқушылардың 48 пайызы өздері
-
не әлімжеттік жасалғанын айтып, мұғалімдеріне бес реттен көп ша
-
ғымданған, олардың 60 пайызы шағымдарының шын мәнінде қолға
алынатынына сенімді болмаған. Кейбір жағдайларда буллингке қаты
-
сушы немесе зардап шегуші екенін оқушының өзі де білмеуі мүмкін.
Жеке және әлеуметтік білім беру сабақтарында және күнделікті бей
-
ресми қарым-қатынаста мінез-құлықтың дұрыс әрі нақты үлгісін жа
-
сап көрсетудің маңызы зор. Стажерлар буллингке қатысты кез келген
мәселені сынып жетекшісіне немесе ұжымдағы менеджерлерге баян
-
дауға тиіс.
Үкіметтің буллингтің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
нұсқаулығы мектептердің өкілеттіктерін, олар ұстануға тиісті қағида
-
ларды және қызметкерлерге қолжетімді арнайы ресурстарды белгі
-
лейді (DfE, 2012). Біріккен Корольдікте барлық мектептерде буллингке
қарсы саясаттың болуы талап етіледі, бірақ олар тиімділігі мен мән-жа
-
йына қарай әртүрлі болып келеді. Көптеген мектептер сапалы уақыт
шеңбері, кеңес беру, досымен татуластыру және
Достарыңызбен бөлісу: