Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Мінез-құлқы күрделі балалармен жұмыс



Pdf көрінісі
бет434/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Мінез-құлқы күрделі балалармен жұмыс 
Оқушы өз әрекетінің салдары қандай болатынын түсінетіндей нақ
-
ты жүйелі жауаптың болуы маңызды. Оқушылардың хал-ахуалы мен 
қауіпсіздігіне әсер ететін нақты мінез-құлық (мысалы, әлімжеттік не
-
месе зорлық) немесе ауыр категорияға жататын қылмыстық әрекет
-
тер ата-аналардың қатысуымен талқылануы керек. Балалардың жақсы 
мінез-құлқын қалыптастыруда ата-анамен/қамқоршымен жұмысты 
жолға қоюдың түпкі маңыздылығы біраз уақыттан бері мойындалып 
келеді (Elton Report, 1989; Kendall-Seater, 2005). Бұл үнемі оңай бола 
бермейді. Қоғамдастық көп жағдайда мектептердің құндылықтары 
мен тәрбиелеу тәсілдерімен келісе бермейді. 16 мен 25 жас арасындағы
Пәкістан жастарына жүргізілген зерттеуде, олардың төрттен үшінің 
үйде физикалық жаза тартатынын және 72 пайызы мұны тәртіпке салу
-
дың тиісті әдісі деп қабылдайтынын анықтаған; 42 пайызы анасының 
оны аяқ-киіммен ұратынын айтса, 27 пайызы мұны артық мінез көрсе
-
ту деп санамаған (Irfan and Cowburn, 2004). Кейбір жағдайларда балалар 
үйде көрген жағымсыз қылықтарын мектепке әкелуі мүмкін. Алайда ата- 
ана мен мектеп қарым-қатынасын жандандыру және ата-ананың бала
-
ны тәрбиелеуіне қолдау көрсетуге негізделген бірнеше инновациялық
жұмыстар, мысалы, ата-ананы қолдау кеңесі мінез-құлқы күрделі, ең 
қиын балалар және ата-аналармен жұмыс жүргізеді (Steer Report, 2008). 
Сенімді қоғамдастық құрудың маңызы қамқорлық шараларының бала
-
ларға пайдасы көп тие бастағанынан көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет