Ширату өнері
522
13.1-қосымшада қарастыруға тұрарлық мониторинг сұрақтары
-
ның мысалы берілген. Бұл сұрақтардың көпшілігі қай кезде қандай сұ
-
рақ қою керек екенін жақсы білетін мықты мұғалімдердің екінші сипа
-
тына айналады. Тиімді мониторинг жұмыстары жоспарлау, оқыту мен
сыныпты басқаруда өзгеріс жасауға әкелуі мүмкін. Мәселен, белгілі бір
оқушылардың жазған жұмысына шолу жасағаннан кейін, мұғалім олар
-
дың нашар жазғанын байқай алады. Бұл жағдайдың себебін анықтау
үшін одан әрі мониторинг жүргізуге (оқушылармен сөйлесу не бақылау
арқылы болуы мүмкін) тура келеді. Мүмкін бұған оқушылардың оты
-
ру реті немесе топтың құрылымы себеп болуы мүмкін, сондықтан оны
тиісінше өзгерткен дұрыс. Жоғары сапалы мониторинг оқушының оқу
материалдарын қалай меңгеретінін ғана емес, балалардың бір-біріне
және айналасындағы үлкендерге қалай қарайтынын да қамтиды. Жағ
-
дайдың бәрінен хабардар қосымша көмекші ересек адамдардың бақы
-
лаушы ретінде мониторинг жасауда үлесі зор.
Ересектер мен балаларды бақылауға байланысты туындайтын
қиындықтардың бірі – жеке сенім мен құндылықтарыңды, мәдени
ұстанымдарыңды алға тартпау және шешім шығарар кезде барынша
әділетті болу. Сондай-ақ бақылаудағы баланың мінез-құлқына оның
бақылауда екенін және кімнің бақылап тұрғанын білуі мен басқа да
сәйкес факторлар әсер етеді. Бақылау жұмыстарының терең астарлы
эмоциямен байланысып жатуы мүмкін және бағалау кезінде осыны
Достарыңызбен бөлісу: