Ширату өнері
531
сондықтан икемділік таныта білу қажет. Оқушылар оқу мақсатында
көрсетілгендерді ғана емес, көп дүниені меңгеруге қабілетті. Оқу мақ
-
саты оқу бағдарламасын қамтып, оқушының үлгерімін бақылаудың
тиімді құралдарын қамтиды. Оқу мақсаты мен бағалау критерийле
-
рін түсінген және жұмысын көрсетуге мүмкіндігі бар оқушылар бас
-
қа оқушыларға қарағанда керемет нәтижелер көрсетеді (Fontana and
Fernandes, 1994).
Оқушылар өздерінің жетістікке жету жолын бағамдау үшін, оқу
мақсатын ұғынып алуы қажет. Сосын мақсат мен ниеттерді балаға
ұғынықты тілінде жеткізу өте маңызды. 13.4-қосымша стажерлардың
2-сынып оқушыларымен жұмыс істеу үлгісін көрсетеді.
Сабақ мақсатын түсіндіруде бұл белгілі нәрсе болып көрінгенімен,
тәжірибе барысында күрделі болуы мүмкін. Сабақтардан алынған ви
-
Достарыңызбен бөлісу: