Ширату өнері
534
бару, шешім шығаруды үйрену, жеке талпынысы мен жетістіктерін
көрсету әрекеттері. Өзін-өзі бағалау да, өз ісін саралай алу да – тәуелсіз
оқушы болудағы маңызды дағдылар. Өзін-өзі бағалау – оқушы өзінің
не үйренгенін бағамдап, өз жетістігіне баға беруі саналады. Өз ісін сара
-
лау – оқушы өзінің
қалай
оқығаны туралы ойлануы. Екеуі де оқытуды
бағалау жүйесінде маңызды рефлексивті элемент саналады.
Өзін-өзі бағалаудың және қатарласының бағалауынан өткен оқу
-
шылардың оқуына қатысты жүргізілген бірнеше зерттеулер бар (Black
and Wiliam, 1998; Assessment Reform Group 1999). Хатти (2008) оқу
-
шының өзін-өзі бағалауын стандартты көтерудегі ең жоғары фактор
деп есептейді. Бірақ Блак (1998) оқушы өз-өзіне сараптама жасаудан
бұрын, тест алдындағы қорқынышын жеңу үшін және критерийлер
-
ді ұғып алуы үшін уақыт керек екенін айтады. Джеймс және басқалар
(2007) дербес оқуды дамытуда стратегиялық және рефлексивті ойлау
-
дың аса маңызды екеніне жіті мән береді. Оқушылардың басқалармен
қалай жұмыс істегені туралы талқылауы оқудан «бір қадам артқа кету»
деп есептеледі. Оқуды күшейту үшін «бір қадам артқа кету» процесінде
бірге оқыту қажет. Авторлар оқушының мұғалімге тәуелсіз, өз алдына
оқи бастаған кезін «ұтыс» деп есептейді.
Оқу бағдарламасы оқушыларға өзіндік рефлексивті дағдыларын
дамытуға көп мүмкіндік береді. Мәселен, технология мен дизайнда
өнімді сараптау, шағын жазбаны шолу, ойын мен би көрсеткіштерін
бағалау. Баланың рефлексивті ойлауына көмегі тиетін көптеген тәжі
-
рибелік ресурстар бар. Уилсон мен Мурдок (2008) «біл – сезін – істе –
таңдан» шеңберін, ойлану бетбелгілерін, «баспалдақтар» және бастап
-
қы сұрақтардың диаграммасын мысалға келтіреді. Олар дербестікті,
шағын топ тапсырмаларын немесе бүкіл сыныптық рефлексивті тал
-
қылауларда машықтану үшін «өйткені бұл мен үшін маңызды...» деген
Достарыңызбен бөлісу: