Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет456/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

13.2-сурет. 
Шотландиялық балалар сабақты түсінбегенін білдіру үшін домалақ жа-
сыл және қызыл карталарды қолданып отыр 
Дереккөз:
POD/Pearson Education Ltd, Ann Cromack, Ikat Designs


Ширату өнері 
537
Қатарластың баға беруі және тюторлық 
Оқушының өзінің замандасының жұмысына баға беруі, қатарласы
-
ның баға беруі саналады. Ол әдетте қатарластар мұғалімге қарағанда, 
бір-бірінің жұмыстары жөнінде толыққанды баға бере алады дегенді 
алға тартады. Жүргізілген зерттеулер қатарласының баға беруі оқу
-
шыны мұқият оқуға ынталандыратынын және «оған көбірек ойлануға 
көмектесетінін» айтады (Stefani, 1994). Орта мектепте қатарласының 
және өзін-өзі бағалауды қолдануға жүргізілген көлемді зерттеу оқу
-
шының талпынысын, өзін құрметтеу мен үйренуге талпыну дағдысын 
дамытқанын көрсетті. Жалпы алғанда, оқушылар мұғалімнің айтқан 
сынынан гөрі қатарласының берген сынын орынды қабылдайды, же
-
тістікті үлгі етеді және олардың тілдері ортақ болады. Қатарластардың 
баға беруі топпен немесе жұп-жұп болып жұмыс істегенде жүргізіледі. 
Топпен жұмыс істегенде оның жеке емес, топпен жұмыс істей алуы ба
-
ғаланады. 
Құрдастарының бағалауының сәтті болуы мына екі факторға бай
-
ланысты. Біріншіден, оқушылар нені қарастырып отырғанын және 
нені күшейту қажет екенін қаншалықты жақсы түсінетіні. Екіншіден, 
оқушылар ойларын қысылмай, қорықпай және басқаларды ренжітіп 
алмай айту үшін, мұғалім өзара қолдау мен ашықтық атмосферасын 
қаншалықты жақсы орната білетіні. Рубрик (бағаны түсіндіретін кес
-
телер) сияқты қолданбалы ресурстар қатарластың бағалау процесін 
қолдау үшін құрылуы мүмкін. Оған мысалдар, Шотландия білім беру 
жүйесі мен жергілікті мемлекеттік уеб-сайттардан табылады.
Көптеген мектеп баланың басқа балаға көмектесуін көрсететін бұ
-
рыннан келе жатқан қатарластың тюторлығы идеясын қолданады. Бұл 
әдіс екі балаға да өзара әлеуметтік және интеллектуалдық тұрғыда пай
-
далы. Бұған жаңа мән іздеу, білім мен дағдыны ұштастыру, әлеметтік 
біріктіру және жетік мінез-құлықты үлгі ету жатады (Fisher, 2005). Көп
-
теген зерттеу жобалары қатарластың тюторлығы әдісі елеулі табыстар 
әкелетінін баяндайды. Жүргізген ғылыми еңбектердің бестен бірі, егер 
мұғалім тютор ретінде «жақсы оқушыны» емес, нашарлау оқитын не
-
месе мінез-құлқы қиындау баланы қойса, қабілетіне қарай жұптасып 
жұмыс істеудің белгілі бір дәрежеде жемісті болатынын анықтаған (әр 
жастағы барынша қабілетті балалар бір бөлек, ал қабілеті төмендеу әр 
жастағы балалар бір бөлек жұмыс істейді). Тюторлар сұрақ қою, үзіліс 
алу және дауыстап оқу сияқты ерекше қабілеттері мен өзіне деген сені
-
мін күшейтеді (Belgutay, 2011). 


Ширату өнері 
538
Фидбәк 
Заманауи білім берудегі көп айтылып жүрген мантраның бірі Джон 
Хаттиенің 
Visible Learning 
(2008) бестселлер кітабында жазылған, атап 
айтқанда, білім беруді дамытудың ең тиімді жалғыз жолы – оқушыға 
беретін фидбәктің сапасына мән беру. Сапалы фидбәк дегеніміз:
 
„
қарапайым
– берілген уақытта бір нәрсені қарастырады;
 
„
дәлелге негізделген
– дерекпен баи�ланысқан; 
 
„
уақтылы
– дереу; 
 
„
жеке 
– жеке өзіне арналған; 
 
„
бағыт сілтеуші
– оқушыға оқуын күи�шету үшін не істеу керегін аи�
-
тады.
Көптеген бастауыш мектептің оқушылары жазбаша фидбәктен 
гөрі ауызша айтқанды қалайды. Жұлдызша, қиықша, мақтау, жылы қа
-
рау және «жақсы нәтиже» деген ескертпелер дұрыс көрінгенімен, олар 
баланың қазіргі және алдағы үлгерімі арасындағы «алшақтыққа көпір» 
бола алмайды (Briggs 
et al., 
2008: 83). Мөрфи (Murphy, 1998: 125): «Егер 
оқушылар «қабілеттен» гөрі талаптануда көп мән бар екенін білсе, оқу
-
дың тиімділігін орнатуда айтарлықтай ерекшелік болар еді», – деген 
пікір айтады; олар қате жіберу оқу барысының қалыпты процесі деп 
қарап, қате жіберуден қашпайды және өз сабағына өздері бақылау жа
-
сайды. Танстал мен Гиппс (1996) оқушыларды оқуды қалай дамытуға 
болатынын көрсете отырып, мотивация немесе бақылау себептері үшін 
жеке, дамытушы ескертпелер берудің концептуалды прогресін ұсына
-
ды. Үздік мұғалімнің даму талпынысының нәтижесінде оқушылардың 
метакогнитив стратегиясын пайдалану мен білім алуының ретін жү
-
йелеуге немесе мониторинг жасауға ұмтылысы, сонымен қатар өзінің 
оқуын бағалауда мұғалімге аз тәуелді бола бастауы жатады. Мұндағы 
жалпы идея фидбәктің жеткізілу сипатында, «қалай» және «не» айтыл
-
ғанында және өзара сенімді атмосфера орнатудың маңыздылығында 
болып тұр. 
Фидбәк психологиясы ерекше маңызды. 1990 жылдары жүргізіл
-
ген зерттеуде мұғалім балалардан өздерінің сабағына қарауды сұраған 
кезде, балалар көбіне қорқып тұратынын және бұл қорқыныш жас ұл
-
ғайған сайын арта түсетінін көрсеткен болатын. Сондай-ақ олар «Мұға
-
лімнің сұрағанын орындады ма, жоқ па?» деген мәселеде өздерін кінәлі 
сезінген әрі сенімсіз болған (Pollard 
et al.,
2000). Содан бері бастауыш 
мектеп оқушыларының арасында тестілеуден болатын стрестің артқа
-
ны туралы мәліметтер бар (Harlen and Deakin Crick, 2002). Мотивация – 


Ширату өнері 
539
білімде жетістікке жетудің басты факторы. Мұғалімдер оқушылардан 
үлкен нәтиже күтсе, олар мотивация алады. Оқушының прогресі оның 
жақсаруға деген әлеуеті туралы мұғалімнің не ойлайтыны жайлы оқу
-
шының сеніміне байланысты (Jarvis, 2005). Мұғалім оқушымен қашан 
және қалай сөйлесу керегін (жеке немесе топ ішінде), қай жерде (мұға
-
лім үстелінің қасында немесе оқушының жанына барып) және не айта
-
тыны мен не жазатынына мұқият болуы қажет. Баға қойғанда көтер
-
мелей отырып (символ) қорытындылау мен дамытуды көрсететін по
-
зитивті пікір айтудың фидбәк «сэндвичі» жақсы тәжірибе есептеледі. 
Асыра мақтау кері нәтиже беруі мүмкін. Сабақтардың көбінде мұғалім
-
дер оқушыны жетістіктері үшін күнде-күнде мақтап отырады. Мұның 
мәні сабақты дұрыс орындау мен жоғары баға алуға жету. Бірақ Блак 
пен Уиллиям (1992: 8–9) айтады: 
«Мектепте сабақ «жұлдызша», бағалар немесе деңгейге бөлу мә
-
дениетімен өтетін болса, онда оқушылар осы бағаға сай оқудан гөрі 
үздік баға алуға ұмтылатын болады. Мұның бір салдары оқушылар
-
ға таңдау берілсе, олар барынша қиын тапсырмалардан қашатынын 
көрсетеді. Сонымен қатар олар «дұрыс жауапты» табу үшін уақыт пен 
күшін аямайды. 
Торранс пен Приор (2001) мұғалімнің «оқушы сабағына көмек беру 
кезінде оны қорғаштап тұрғанын» байқаған. Мұғалімдер дұрыс көрге
-
німен, өзіндік фидбәкке көп көңіл бөле бермеу керек, барынша тапсыр
-
маны қолға алуға бағытталған стратегияларды пайдалануға жұмыс 
істеу қажет. Кейбір мұғалімдер қарсы пікір келтіреді. Олар фидбәкті 
оқушыны ойланудың логикалық сипаты мен жауаптардың легитимдігі 
туралы ойландыруға шақыратын әдіс деп қарайды. 
Оқушылар фидбәкті әрқалай қабылдайды. 4-тарауда айтылғандай, 
ой-санасы дамыған оқушылар фидбәкті даму баспалдағы ретінде пай
-
даланады. Қиыны сол, көп оқушылар мұғалім оларға не айтқысы келіп 
тұрғанын түсінбейді, ал баға қою – тек шектеулі дүние (13.7-қосымша). 
Мұғалімдер оқушылардан күтетін нәтиженің үлгісін жасауға ты
-
рысуы керек. Олар мұны сабақ кезінде оқушылардың жазған еңбегін 
дауыстап оқу арқылы көрсете алады, бірақ еңбектің сапасын қалай 
жақсартуға болатыны туралы пікір айтуда абай болу керек. Мұғалім 
оқушылардың жұмысы неге жақсы (немесе керісінше) деп танылғаны 
және жетістікке жету критерийлерінің орындалуы туралы ойлануға 
дағдыландырмайынша, «көр және айт» әдісі бағалау құндылығын шек
-
тейді. Мұнда оқушылар өз ойларында мұғалімнің естігісі келгенін айта
-
ды деген күмән болса да, жалпы айтқанда, бастауыш мектеп оқушыла
-
ры ойларын әділ, шынайы айтады, әсіресе егер мұғалім олардың оқуын 
жақсарту үшін жұмыс істеп жатқанына сенетін болса.


Ширату өнері 
540


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет