Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет448/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Оқытуды бағалау 
Соңғы 10 жылдан бері бағалау тақырыбында «Оқытуды бағалау» 
басты орынға шығып келеді. Паул Блак пен Дилан Уиллиям (1998) 
«Қара жәшік іші»
деген танымал еңбегінде 9 жыл бойы жиналған
250-ден аса зерттеу жұмыстарынан тұратын халықаралық зерттеудің 
концепциясын жариялады. Оқытуды бағалау, әсіресе үлгерімі төмен 
оқушылар үшін стандартты көтерудің басты құралы ретінде бекітілді. 
Авторлар сабақ кезінде оқушыларды оқуға ынталандырып, жұмыл
-
дыруға қарағанда, мұғалімнің басшылығына тым көп уақыт берілген 
деген қорытынды шығарды. Көп оқушы өз білімін қалай дамытуға бо
-
латыны немесе оған қалай жетуге болатыны жазылған жүйелі фидбәк 
ала алмайды. Авторлар 4 негізгі рекомендацияны айтады: 
1) сабақта оқушылардың ойлануы мен олардың сұрақтарына жауап 
беруге көп уақыт беріңіз; 
2) үй тапсырмасына жүйелі түрде пікір (баға қоюдан гөрі) жазыңыз; 
3) балаларды бір-бірін бағалауға үйретіңіз; 
4) оқушыларды баға қою ретімен бағалау жұмысына қатыстырыңыз. 
Оқытуды бағалаудың негізгі идеясы оқушылар оқудың қай жерін
-
де, қай бағытта оқу керек және оқу мақсатына жету үшін қалай көмек
-
тескен жөн дегенді анықтау мақсатында талқылау жүргізіп, дәлелдерді 
пайдалануға сүйенеді. 2002 жылы 
«Қара жәшік ішінің»
кезекті есебін
-
де оқушы жауабының сапасын арттыру әдістері туралы ауқымды жұ
-
мыстар атқарылды. Мәселен, оқушы жауап берер кезде оған ойлануға 
бірнеше секунд уақыт беру үшін «күту уақыты» енгізілді (Black 
et al.,
2002). «Бағалау» сөзі жақсы оқыту деген мағынадан гөрі тестілер мен 
емтихан сөзіне жақын қоданыла бастағаннан бері, Блак пен Уиллиям 
ол сөзді қолданудан қаша бастады (Stewart, 2012). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет