Ширату
өнері
528
Бағалау қандай мәлімет жинап, оны қалай пайдаланады,
қалай
таңдап, қалай түсіндіреді және қалай баяндайтыны туралы шешімдер
-
ді қамтиды (Harlen, 2007). Тиімді бағалау мыналардың бірін немесе бір
-
нешеуін негізге алады:
білім мен қабылдау (мысалы, дәлелдер, концепциялар, атаулар, идея
мен қарым-қатынастар);
дағдылар (мысалы, баи�ланыс, нөмерді қолдану, аи�ла-әдіс дағдыла
-
ры, басқалармен жұмыс);
ынта мен құндылықтар (мысалы, білім алудан ләззат алу, құрмет пен
сыи�, сезімталдық).
Оқушылардың сабақта электр тізбегін құрып жасаған жұмысын ба
-
ғалауда мұғалім мына нәрселерге мән беруі мүмкін: оқушы электрон
-
ды компоненттердің атауын (шам,
жарық қосқыш, дабыл, батарейка
және т.б.)
біле ме,
бұл білімін (мысалы, электр қолданылатын тұрмыс
-
тық техникалар жайлы айту) тәжірибеде
қолдана ала ма,
шамды жағу
-
да немесе дабылдың дауысын шығаруда бірге жұмыс істеу
дағдысын
көрсете алды ма және оқушылар өздерінің жұмыс тізбегін орындаған
-
да
көңілдері тола ма?
Бағалау көптеген мақсаттарға пайдаланылады, дегенмен мұғалім
-
дер оны көбіне оқушының жұмысына фидбәк беру үшін қолданады.
Сонымен қатар бағалау жеке оқушылардың, топтардың немесе сынып
-
тардың бекітілген стандарттарды (критериалды тестілер) қаншалық
-
ты жақсы орындағанын салыстыруға немесе басқалардың нәтижесі
-
мен (нормативті салыстыру) салыстыруға да қолданылады.
Бағалаудың көптеген форматы бар: шолу,
баяндама, тест, порт
-
фолио, презентация, қолданбалы жұмыс, жобалар,
көрсеткіштер мен
көрмелер. Мұнда «опенбук» ауызша немесе жасырын емтихандары
арасында ерекшеліктер бар (Race
et al.,
2005). Бағалау оқушылармен
жұмысты талқылау сипатында болса да, бірқатар ресми сипаты да бар.
Қысқаша айтқанда, мұғалім сабақ барысында оқушылардың оқу мақса
-
тына жету прогресін тексергісі келуі мүмкін. Олар оқушылар алдыңғы
өткен сабақтан не меңгергенін сұрақ-жауап түрінде немесе интеллек
-
туалды картаны пайдалануын шолу
арқылы қарастырудан бастауы
мүмкін (13.2-сызба). Сабақ кезінде мұғалім оқушылар не ойлап, не іс
-
теп отырғанын, сөйлесуі мен сезінуін қадағалау үшін көбіне топтан
бөлектеу отыратын болады. Сабақтың соңында мұғалімдер оқу мақса
-
тын қайта қарап, оқушылардың осы мақсаттарға жетуде қалай жұмыс
істегені туралы пікірлер алу дәстүрге айналған. Білікті мұғалімдер са
-
бақтың әр кезінде де кез келген түсініспеушіліктерді дереу анықтап,
олармен дұрыс жұмыс істей біледі. Бағалау мен сабақ беру процесі бір-
бірімен тұтас, байланысты болу керек екені белгілі.