Ширату өнері
526
үлгерімінде алға жылжу бар дегенді «көрсеткісі келген» мұғалімдер жа
-
саған инновациялық ресурстардан тұрады. Оған сәттілік баспалдақта
-
рының түрленуі (шамдар, іздер) кіреді, онда балалар белгіленген уақыт
ішінде сабақты оқыту мақсаттарына қол жеткізу бойынша, өз жетістік
-
терін айтып береді. Қауіптісі сол, балалар диаграмманы бояуға тым көп
уақытын жұмсайды, сосын оқуға жеткілікті уақыт қалмайды. Тапсырма
оқыту стратегиялары үшін бағалауды біріктіру болып табылады, мы
-
салы, екі оқушы бір-бірінің қаншалықты ілгерілегенін тараулар немесе
бақылау тізімі арқылы бағалағанда. «Бұрын былай ойлайтынмын... қа
-
зір мен былай ойлаймын» сияқты қарапайым ойлау тәртібі жаңа ой
-
лануды көрсетуде тиімді болуы да мүмкін. Сабақ барысында үлгерімді
мониторинг жасауда әдістердің маңызы зор. Мысалы, дене шынықты
-
ру сабағында оқушылар дағдыларының дамығанын көру үшін өздерін
видеоға түсіреді, ал математикалық сөздік қорын немесе логикалық
ойлау деңгейін шыңдап отыру үшін интерактивті ойындар мен вик
-
ториналық сұрақтарды пайдалануға болады. Мұғалімнің көмекшілері
мен қабілетті оқушылар (тютор ретіндегі) да үлгерімді күшейтуге үлес
қоса алады. Егер оқушылар сабақ үлгерімін жақсартуды мақсат етсе, ең
алдымен, оларға бастапқы бағаларын (алдыңғы білімі) көрсетіп алу ке
-
рек, олардан не күтілетінін (мақсаттар) және прогресті қалай көрсете
алатындығын білу керек (сәттілік өлшемдеріне сай). Басқаша айтқан
-
да, Джон Хатти жариялаған еңбектерде көп айтылғандай, оқыту айқын
және ашық болуы қажет.
Ұзақ уақыт аралығындағы, мәселен, бір тоқсан ішіндегі оқушы
-
ның үлгерімін көрсету оңайырақ. Инспекторлар үлгерім концепция
-
сын анықтағанда, балалардың кітап оқуы, балалармен, мұғалімдермен
сөйлесу және мәліметті ескеру арқылы бағаланатын ұзақ уақыт аралы
-
ғындағы үлгерімге қарайды. Сонымен, егер «жақсы», тіпті «үздік» са
-
бақтар өте жақсы немесе жақсы деген үлгерімге жетпейтін болса, онда
оқыту сапасы күшейтілуі тиіс деген талап қойылу керек. Мұның тағы
бір жағы бар, егер сабақтың сапасын арттыру қажет екені байқалса, бі
-
рақ сабақтың үлгерімі жақсы болса, онда уақыт өте келе оқыту сапасы
туралы пайым да жақсара түседі.
Достарыңызбен бөлісу: