Ширату өнері
527
емтихан тапсырған оқушыларының жетістігіне сәйкес қосымша ақы
төленетін болған. Қазір мектеп басшылары белгілі уақыт ішінде оқу
-
шылардың көрсеткішін қарап отырады және осы бойынша ата-ана
-
лардың, министрдің, жергілікті билік пен инспекторлардың алдында
жауап береді. Белгілі бір тестіні тапсырған оқушылардың (өткен/құла
-
ған) пропорциясы мектептің құндылығын белгілейді.
Алайда әдетте «бағалау» сөзі оқушының жұмысын таңбалау мен
бағалауға және емтихан немесе тест тапсыру жетістігіне (немесе ке
-
рісінше) байланысты қабылданады. Бағалаудың оқуды өлшеуден гөрі
мағынасы кең. Бағалаудың басты принциптерінің бірі – оқуды күшейту
мен жақсарту мақсатын атқаруы керектігі. Оқушылар жазушы, шешен,
спеллер (әріп үйретуші), суретші, әнші, мәселені қарастырушы, картог
-
раф немесе топтық ойыншы ретінде болсын, олар үздік болу үшін не
істеу қажеттігін білуі керек. Бағалауды оқушының алға қойған мақсат
-
тарға жету үшін мұғалім де, оқушы да оқыту мен үйренуге өзгеріс енгі
-
зе алатын формативті процесс ретінде қарауға болады.
Үздік мұғалімдер тиімді бағалау негізіндегі принциптерді түсіне
-
ді және соларды ұстанады. Басқа принциптер болмауы керек. Бағалау
оқушылардың ортақ мақсаттарымен байланысты болғаны жөн. Мақ
-
сатқа жету үшін барлық оқушыларға бірдей мүмкіндік беріліп, оларды
алалауға жол берілмеуі тиіс.
Бағалау негізді әрі сенімді болуы керек, яғни ол талпынысты ба
-
ғалайды және баға беруді жүйелі жүргізеді дегенді білдіреді. Тәжіри
-
бе жүзінде бағалау уақыт пен ресурс тұрғысынан басқарылуы қажет,
сондай-ақ оқушылардың жетістікке жеткенін көрсетуге мүмкіндік бе
-
ретіндей күрделі болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: