Ширату
өнері
524
Бақылау
Бақылауға балаларды мұқият бақылау мен олардың не айтып жат
-
қанына құлақ салу және ескертпелерді жазып қою жұмыстары жатады.
Хопкинс (2008) бізге бақылаудың принциптерін көрсетеді: бақылаушы
мен бақыланушы арасында сенімді атмосфера орнату қажет; бақылау
-
ға келісу; «негізгі ережелерге» келісу; критерийді анықтау; екі жақты
талқылаудан соң тиісті фидбәк беру; бақылауды жоспарлау мен баға
-
лауға тығыз байланыстыру. Бақылау балалардың дамуын бағалауда,
мұғалімнің тәжірибесіне зер салуда және ата-аналарға баяндау үшін ақ
-
паратпен қамтуда бірнеше мақсаттарды атқара алады. Бұл әсіресе ба
-
ланың жетістігі жазылған дәлелдермен шектелген ерте балалық шақта
өте маңызды. Мектептің ішінде немесе ауласында жүргізілетін бала
-
ларды бақылау жұмыстарының инструкциясы бірдей болып келеді.
Бақылау – бұл жоғары дағдылы жұмыс. Мұны «маманның жұ
-
мыс сапасының шынайы тесті» деп сипаттайды (MacLeod-Brudenell,
2004: 294). Үздік бақылаушылар балалардың басқалармен қалай ара
-
ласатыны, жалғыз ойнап отырғанда қаншалықты табандылық таны
-
татыны, бастамашылдық пен белсенділік, яки әлденеге қызығушылық
танытқанда өз көзқарастарын немесе сезімдерін қалай білдіретіні жай
-
лы қашанда ойша ескертпе жасап отырады. Олар өз қамқорлығындағы
әр баланы үнемі қадағалап отырудың жүйелі мүмкіндіктерін жоспар
-
лайды, дегенмен олардың бақылауларының көп бөлігі бейресми (сти
-
хиялық) сипатта болады. Ең маңыздысы олар баланың қабілеті жайлы
қалыптасқан пікірлерге қарамай-ақ, бақылау жүргізе біледі. Қорытын
-
ды баға шығаруда баланың, ата-ананың және басқалардың көзқарасын
ескереді. Бақылау – күрделі әрі біраз уақыт алатын жұмыс, дегенмен
бұл аса маңызды процесс. Тәжірибе, талқылау және сыни рефлексия ар
-
қылы бақылау дағдыларының сапасын арттыруға болады. Палайлогу
(2008: 50) тәжірибелі бақылаушы болу үшін мұғалімдерге «объектив
-
тілік және әдеттегі рөліңнен шығып, эмоциялық теріс пікірлерден ау
-
лақ болу» қажет дейді.
Бақылаудың бірнеше әдісі бар. Ерте балалық шақтағы
қатысушы
-
ларды бақылау
күнделікті жұмыстың бір бөлігі ретінде іске асады және
оқиғаларды пайда болу ретіне қарай барынша тиімді пайдаланады.
Үлкендер іс-шараларға қатысады, бірақ үзіліс кезінде немесе соңында
ескертпелер жазып алады. Нәтижесінде мұғалім балалармен араласып,
«ішкі» бақылаушыға айналады. Мамандар мұны жүргізу
қиын болуы
мүмкін деп есептейді (Devereux and Miller, 2003).
Басқа жағдайларда,
мәселен, сабақтан тыс кезде сіз
қатыспайтын бақылаушы
бола аласыз.
Мұнда бақылаушы «бөтен» рөлінде жүреді. Бақылаушы қарым-қатынас
-
тан тысқары тұрып (балаларға ешқандай қауіп болмағанда), не болып
Ширату өнері
525
жатқанын мұқият бақылайды. Кейде жеке баланы немесе екі баланы
белгілі бір уақыт ішінде жақыннан келіп бақылаған жөн. «Оқушы ізі
-
мен» деп аталатын бұл әдіс балалардың өзіне білдірместен, олардың
бұл тәжірибеге қалай қарайтынын анықтау мақсатында олардың қоз
-
ғалыстары мен іс-әрекетін жазып алады.
Бақылау кезіндегі ескеруге
тиіс кейбір сұрақтар 13.2-қосымшада көрсетілген.
Уд (2008: 116) кең контекст пен әрекеттер аясында «тыңдау пе
-
дагогикасы ақпараттық бағалау үшін» әдісін қолдайды. Оқушыларды
мұқият тыңдау мен олардың айтқанына жауап беруде ескеретін эти
-
калық дүниелер бар. Бірақ Уд балалардың перспективасы түгелдей қа
-
растырылатын бағалаудың кредиттік моделін қолдауды дұрыс көреді.
Бақылау кезінде жазып алынған видео, сурет материалдары және ба
-
лалар туралы жекелеген мәліметтер талқылауда пайдаланылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: