519
Ширату өнері
Мониторинг, бағалау, жазба жазу
және есеп беру
Тарау мақсаттары
Тарау соңында меңгеретініңіз:
Сынып мониторингі мен стратегияларды бақылауды сипаттау.
Бағалаудың мақсаты мен сипатын түсіну.
Формативті бағалаудың ықпалын сыни тұрғыдан талдау.
Жазба жазу мен есеп берудің маңызын түсіну.
Мектептегі жетістіктердің төмен болуына оқушының «туа бітті» қа
-
білетінің кем болуынан гөрі, оқушылардың білім алудың маңызы мен сапа ту
-
ралы түсінігінің таяздығы көп әсер етуі мүмкін.
(James және басқалар, 2007: 10)
Кіріспе
Білім беру саласында мониторинг, бағалау, жазба жазу және есеп
жүргізу деген сөздер ең жалықтыратын сөздер қатарына жататын шы
-
ғар. Бұл сөздердің судья мен салық инспекторы сияқты өкілетті ұғым
-
дармен байланысатын тарихи астары аса бір ықылас тудыра қоймайды.
Бірақ олар мұғалім өміріндегі басты жауапкершіліктерге жатады және
мектепте оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге тікелей қа
-
тысы бар. Жүйелі түрдегі ресми оқыту басталғалы бері, оқушылардың
Достарыңызбен бөлісу: