КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕЙІК
12.5-кестеде берілген модельдердің бірін қарастыр. Кез келген зерттеу жұмы-
сы мен модельдердің ықпалын қолдауға сыни пікірмен қараңыз.
Оқушылардың мінез-құлқына жауап беру
Мінез-құлықты басқару әдістеріне позитивті оймен келу маңызды.
Мысалы, ата-аналар балаларының мінез-құлқы бұзылып, тәртіпсіздік
жасаған кезде ғана емес, жақсы мінез-құлық көрсеткен кезде де қасын
-
да болу керек. «Олар жақсы болып тұрғанда таны» деген бұрынғыдан
қалған сөздің маңызы зор.
Балалардың жетістігі мектеп пен жалпы
ортада айтылып, насихатталуы керек. Көптеген мектептер ата-аналар
мен басқа да туыстарын шақыра отырып, жетістікті атап өтетін арнайы
кеш ұйымдастырады.
Мінез-құлық орын алған тәртіпсіздіктің деңгейіне қарай тиесі
-
лі жауап беруді талап етеді (12.3-қосымша). Теріс мінез-құлық туралы
Раггтың (1993: 65) зерттеуінің нәтижесінде, мұғалім оқушының тәртіп
-
сіздігіне жауап берген жағдайдың 90 пайызында тыныштық сақталғаны,
ал тек 5% кейсте ғана теріс мінез-құлықтың тоқтамағаны анықталған.
Бір қызығы, он жағдайдың тоғызында мұғалімдер үнсіз отыра береді.
Тиісінше, мұғалімге бірнеше оқушы ашық түрде қиындық туғызады.
Мінез-құлықты басқару
509
Достарыңызбен бөлісу: |