Өзіңді таны
63
тиімділіктің арақатынасы әлі де зерттелмей келеді (Goddard and
Goddard, 2001). Мұғалім келесі пікірмен келісуі мүмкін: «Шынтуайтқа
келгенде мұғалімнің қолынан келері аз, өйткені оқушының оқуға де
-
ген ықыласы мен үлгерімі оның үйіндегі жағдайға байланысты». Де
-
генмен дәл сол мұғалім былай да пайымдауы мүмкін: «Егер мен шыны
-
мен барымды салсам, ең қиын немесе мүлде оқымайтын оқушыны да
дұрыс жолға сала аламын».
Өзіндік тиімділік әдетте сұхбат және сауалнамалар арқылы анық
-
талады. Мысалы, Скаальвик пен Скаальвик (2010) норвегиялық мұға
-
лімнің өзіндік тиімділік шкаласын (NTSES) жасады. 2 мыңнан астам мұ
-
ғалім әр нәрсеге қатысты өзіндік сенімділігін бағалау бойынша сауал
-
намаға қатысты. Онда: «Мектеп
жұмысына қызығушылығы төмен
оқушыларды ынталандыра алатыныңызға қаншалықты сенімдісіз?»
Жалпы алғанда, NTSES 6 өлшем бойынша топтастырылған 24 нәрсені
қолданады:
нұсқаулық;
білім беруді оқушылардың жеке қажеттіліктеріне беи�імдеу;
оқушыларды ынталандыру;
тәртіп сақтау;
әріптестермен және ата-аналармен ынтымақтастық орнату;
өзгерістер мен қиындықтарды еңсеру
деген сынды тармақшалар
болды.
Авторлар норвегиялық мұғалімдердің дербестікті бағалайтынын,
бірақ құжат рәсімдеуге кететін уақыттың көбейетініне және мұғалім
-
дердің сабақтан тыс уақытта да байланыста болуын күтетін ата-ана
-
лардың талабына алаңдайтынын анықтады.
Өзіндік тиімділігі жоғары мұғалім жетістікке жетуге ынталы, әр
-
дайым табандылық танытуға тырысады, өзін әр нәрседе сынап көреді
және болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды. Олар күйзеліске си
-
рек түседі және өзіндік тиімділігі төмен әріптестеріне қарағанда жоға
-
ры жетістіктерге жетеді. (Day
et al
., 2007). Мұғалімдер өз тиімділіктерін
мынадай жолдармен арттыра алады:
нақты мақсаттар қою қиын болғанымен, мүмкін нәрсе;
үлгілі мұғалімге еліктеу; мысалы,
тиімді оқытушыларды бақылау,
сарапшылармен сөи�лесу және осы салада жетістікке жеткендер ту
-
ралы беи�нематериалдарды қарау;
өзіңіз туралы тек жағымды сөи�леу, үнемі «мен мұны істеи� аламын»
деу;
Өзіңді таны
64
өз мүддесі үшін жұмыс істеу, мысалы, музыка тыңдау,
саяхаттау,
спортпен шұғылдану;
жетістікке жету күш-жігерге, тәжірибеге және уақытқа баи�ланысты;
басқалармен фидбәк жасау: мұғалімдерден,
тәлімгерлерден және
менеджерлерден өзіңіздің мықты жақтарыңыз бен дамытуды қажет
ететін тұстарыңыз жаи�лы сұрау.
Достарыңызбен бөлісу: