Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет48/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Стресті басқару
Өзіне сенімді, жұмысына берілген, тыңғылықты мұғалімдерге қа
-
рағанда, өзіндік тиімділігі төмен мұғалімдер оқытудың стресс тудыра
-
тын талаптарын орындау барысында жиі қиналады. Соңғы онжылдық
-
та нәтижеге бағдарланған оқыту тұрғысынан алғанда стресті басқару 
педагогиканың өзекті мәселесіне айналды (2.3-қосымша). Мұғалімнің 
шамадан тыс жүктеме, оқушының нашар мінез-құлқы немесе мектеп
-
тегі тексеру сияқты факторлар әсерінен стрестен зардап шегетіні жай
-
лы жиі айтылып жүр (Wilson, 2002; Grey, 2005; Garner, 2005; Rothi 
et al.,
2010). Англия мен Уэльсте мектептегі жұмыс жүктемесі туралы ұлттық 
келісімнің енгізілуі (2003 ж.) жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерім 
мәселесі білім беру саласында қаншалықты маңызға ие болғанын көр
-
сетіп отыр. Мұғалімдердің белгілі бір тапсырмаларды орындауға, мы
-
салы, көшірме жасау, ақша жинау, АКТ-ның келеңсіздіктерін жою және 
сыныпқа дисплей қою сияқтыларға, тіпті басшылық өтінсе де келісім 
бермеуге құқығы бар (Hartney, 2008). 2005 жылы Англия мен Уэльстегі 
мұғалімдерге жоспарлау, сабаққа дайындалу және бағалау үшін (PPA) 
әр мұғалімнің жоспарланған оқу жүктемесінің кемінде 10 пайызын құ
-
райтын кепілдендірілген кәсіби уақыт бөлінді. Шотландия мен Солтүс
-
тік Ирландия мектептерінің мұғалімдері үшін де осындай тәртіп бар.
Сауалнама нәтижелері мұғалімдердің өз кәсібін тастауына әсер 
ететін негізгі фактордың бірі стресс екенін анықтады. Мысалы, Ұлттық 
ұстаздар қауымдастығының Әйел мұғалімдер одағы (NASUWT) 800 мұ
-
ғалім арасында жүргізген сауалнаманың нәтижесі жұмыс жүктемесі 
мен стрестің артуынан мұғалімдердің жұмысына қанағаттану деңгейі 
төмендейтінін көрсеткен (The Herald, 9 мамыр 2013 ж.). 10 мұғалімнің 
жетеуі «сабаққа дайындалу үшін түнімен отыратынын» және әдетте 
аптасына 48,3 сағат жұмыс істейтінін айтқан (Gardner, 2012). Біріккен 
Корольдіктің көптеген аймақтарындағы мектептер мен педагогика
-
лық қызмет көрсету орындары мұғалімдерді жұмысқа қабылдауда 
едәуір қиындықтарға тап болып отыр. Ал OFSTED-тің бас инспекторы, 
сэр Майкл Уилшау мұғалімдерге «қандай қиын жағдай болса да білекті 
сыбанып, мектеп жұмысын жетілдіруді жалғастыру керек» деген ұсы
-
нысын айтты (Shepherd, 2012).


Өзіңді таны
67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет