2.3-ҚОСЫМША. НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМ: МҰҒАЛІМ СТРЕСІ Денсаулық сақтау және қауіпсіздік жөніндегі басқарма уеб-сайтындағы анық-
тамада «стресс – адамға өз шамасынан тыс талап қойылғанда пайда болады»
деп көрсетілген. Стресс табиғатын түсіну оңай емес. Мұғалімдерге де, та-
ғылымдамадан өтушілерге де жұмыстарын шығармашылықпен орындауы үшін
белгілі бір дәрежеде қысым көрсету қажет, бірақ шамадан тыс қысым қиын
жағдайға әкелуі мүмкін. Оның үстіне, адамдардың қысым көрсетуге қатынасы
да әртүрлі: бір мұғалім мұны ынталандыру деп қабылдаса, ал басқасы оны
күйзеліске себеп ретінде көруі мүмкін.
Стреске салыстырмалы түрде қараған жөн. Мұғалімдердің бар
-
лығына жуығы жұмыс барысында күйзеліске ұшырайды, көпшілігіне
оны еңсеру әсте қиынға соқпайды. Алайда кейбір мұғалімдер ұзақ уа
-
қытқа созылған стрестің салдарынан жұмысқа мүлде құлықсыз болып
қалуы мүмкін. 2.3-сызбада көрсетілгендей, мұғалімдерге көп талап қо
-
йылғанда мазасыздық және басқа да проблемалар туындайды. Бірақ
жөнімен қойылған талаптар бастапқыда жұмыстың нәтижелі болуына
ынталандырады.