Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет51/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Уақытты басқару
Стреске жиі себеп болатын бір жайт уақыт жетіспеуінен туындай
-
тын эмоциялық қалжыраумен байланысты. Мұғалімдердің көпшілігі 
кешкісін және демалыс күндері сабаққа дайындалу, күні бойы мек
-
тептің беймаза тіршілігінен босамау, демалысқа аз уақыт бөлу секілді 
сценариймен жүреді. Мәдениет уақытқа деген көзқарасты қалыптас
-
тырады. Ұлттық медициналық қызмет уеб-сайтының хабарлауынша, 
Еуропада ең ұзақ жұмыс істейтіндер британдықтар екен. Батыс қоғамы 
жылдамдыққа көп мән береді: жылдам тамақтану, жылдам автокөлік
-
тер, жылдам интернет, жылдам оқу, жылдам танысу, жылдам жүру – 
бәрінің өз қолдаушылары бар. Білім беру саласында да жылдамдыққа 
басымдық беретін көзқарасты айналып өте алмайды: жылдам оқыту 
схемалары, сәбилерге арналған кітаптар, «жылыжай» сызбалары, же
-
делдетілген оқыту.
Сонымен қатар жұмыс кезінде реакцияға қарсы күштер де болады. 
1989 жылы Италияда МакДональдстың ашылуына наразылық ретінде 
басталған баяу әрекетті қолдайтын қозғалыс тамақтан бастап, бақша
-
ға, саяхатқа, білім алуға және тіпті баяу секске дейін бағытталды. Мақ
-
саты – қазіргі материалистік дәуірдің асығыс, қарбалас тіршілігіне


Өзіңді таны
70
қарсы тұру. Оноре (2005) атап өткендей, бәсеңдеудің физикалық, пси
-
хикалық, эмоциялық және әлеуметтік артықшылықтары өнімді, әрі 
толыққанды тіршілік кешуге мүмкіндік береді. Стандарттарға негіз
-
делген білім беру жүйесі «тест түріндегі білім пакеттері фастфуд та
-
ғамдары секілді тез жұтылғанымен, ешқашан дұрыс қорытылмайды» 
(cited by Barker, 2012). Баяу білім беру шығармашылыққа тәрбиелеу 
принциптеріне және балаларды өсу қарқынына қарай дамытуға, сұ
-
ранысқа сай оқытуға негізделген. Штайнер және Монтессори мектеп
-
терімен қатты ұқсастықтар бар, онда білім жарыс емес, саяхат ретінде 
қарастырылады. «Баяу оқырман» бір кездері ерекше қажеттіліктері 
бар балаларды сипаттау үшін қолданылды. Баяу оқу – қазір америка
-
лық мектептерде қолданылып жүрген тәсіл, онда балаларға дауыстап 
оқыту, үзінділерді жаттату және аннотация жазғызу сияқты бұрынғы 
әдістерді қолдана отырып, мәтіндер меңгертіледі (Miedema, 2009). Ба
-
лалардың баяу қарқынмен жақсырақ білім алатынынын дәлелдейтін 
зерттеу деректері артып келеді. Хирш-Пасек пен Голинкофф (2003 ж.) 
көрсеткендей, кіші жастағы балалардың емін-еркін, уақытқа бағы
-
нышты болмай, асықпай алған білімі олардың әлдеқайда толыққанды 
тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді екен.
Білікті мұғалімдер мен тағылымдамадан өтушілердің өзіне кесілген 
уақытта істейтін жұмыстарының көптігі сонша үнемі уақыт «тапшылы
-
ғынан» зардап шегеді. Рехтсхафен (1996) көп адамның жұмысты өз өмі
-
рінде бірінші орынға қоятынын, содан кейін барып отбасын, күнделікті 
міндеттерін, әлеуметтік өмірін, ең соңында қалған уақытын ғана өзіне 
бөлетінін тұжырымдайтын «құлдырау» тұжырымдамасына тоқталады. 
Бұл майданға шыққалы отырған тағылымдамадан өтушілер үшін үлкен 
сабақ, себебі олар оқытуға уақытының бәрін сарп етуге дайын.
Уақытты тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы – алдымен уақыт
-
ты қалай пайдаланып жүргеніңді талдау, содан кейін уақытты тиімді 
бөлу тәсілдерін қарастыру. 2.4-қосымшада келтірілген төрт сұраққа 
жауап беру арқылы уақытты қаншалықты дұрыс қолданып жүргені
-
ңізді тексеріп алуыңызға болады.
Берілген сұрақтардың кез келгеніне «жоқ» деп жауап беру сізге 
тайм-менеджментті қайта қарау қажет екенін көрсетеді. Істейтін жұ
-
мысыңыздың маңыздылық деңгейін анықтап алудың маңызы зор, мы
-
салы, жедел кірісуді қажет ететіндер, ертеңге дейін күте тұратындар 
және бірнеше күнге қалдыруға болатындар деп бөліңіз.


Өзіңді таны
71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет