Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет59/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

ОЙТҮРТКІ
Көлік метафорасы туралы тағы ойланып көрейік. Мынадай сценарийлер 
бойынша жүргізуші ақыл-ой дағдыларын қалай қолданар еді: (а) көлік оқ-
шауланған жолда кешке қарай бұзылып қалса; (ә) шұғыл кездесуге бара 
жатып кептеліске түссе; (б) басқа елге жол тартып бара жатып кептеліске 
түссе.


Өзіңді таны
78
Алды
Ар
ты
 
Дағдылар
Білім
Ұғымдар
Көзқарас
Диспозициялар
Оң жақ
Сол жақ 
2.4-СЫЗБА. 
Диспозиция, білім, көзқарас пен дағды арасындағы байланыс
Дәстүрлі мектепте жалпы балалардың не білетініне назар аудары
-
лады, ал «Ақыл-ой дағдылары» тәсілі балалардың жауабы болмаған 
кезде жағдайдан қалай шығатынын нысанаға алады. Мұғалімдердің 
ақыл-ойдың дағдыларын қалыптастыруға және оларды оқу бағдар
-
ламасы бойынша үйретуге мүмкіндіктері көп (Costa and Kallick, 2009). 
Мысалы, дәлдікке ұмтылу дағдысын Англия Мемлекеттік оқу бағдар
-
ламасынан алынған мына мысалдар арқылы дамытуға болады:
y
сөздің емлесін тексеру үшін оның алғашқы екі немесе үш әріпін қол
-
дану (3–4 сыныптар, ағылшын тілі);
y
бірнеше параграфтан алынған негізгі идеяларды қорытындылау 
(5–6 сыныптар, ағылшын тілі);
y
қосу (+), алу (–) және тең (=) белгілері бар математикалық амалдар
-
ды оқу, жазу және интерпретациялау (1-сынып, математика);
y
ең жақын нөмірленген бірлікке деи�інгі шкалаларды санап шығыңыз 
(2-сынып, математика);
y
қарапаи�ым қорытынды жасап, жетілдіру жолдарын ұсыну үшін нә
-
тижелерді паи�далану (3–4 сынып , жаратылыстану);
y
Біріккен Корольдік аумағындағы елдер мен қалаларды атаңыз және 
орналастырыңыз (2-негізгі кезең, география); 
y
қарапаи�ым бағдарламаларды жазу және тестілеу (1-негізгі кезең, 
есептеу)
(DfE, 2013)


Өзіңді таны
79
2.2-кестеде мұғалімдер ақыл-ой дағдыларын қалай қолдана ала
-
тыны көрсетілген, бірақ олар толық қамтылды деуге болмайды. Соны
-
мен қатар бұл мұғалімдердің ақыл-ой дағдыларын қолданатынын, не 
қолданбайтынын белгілеп отыруға арналған жаттығу емес, тек қанша
-
лықты қолдана алатынын көрсетеді. Сонымен, ақыл-ой дағдыларын 
қалай жетілдіре түсуге болады? Коста мен Каллик (2000b) портфо
-
лио, журнал және өзін-өзі бағалау айдары немесе бақылау парақтары 
сияқты оқушылардың үлгерімі туралы дәлелдер жинауға арналған 
негіздер мен стратегияларды ұсынады. Мысалы, сабақты түсініп, жа
-
нашырлықпен тыңдау үшін оқушылар «менің жағдайым қалай?» деп 
ойлап, жас маманнан сарапшыға дейінгі жұмыс аралығында олардың 
іс-әрекетінің (мәселен, сөйлеп жатқан адамның бет-жүзіндегі өзгеріс) 
жиілігіне (жиі, анда-санда немесе мүлде жоқ) назар аударады. Алдағы 
уақытта Біріккен Корольдікте тағылымдамадан өтушілер мен қызмет
-
тегі мұғалімдер көмегімен ақыл-ой дағдыларын қалай дамытуға бола
-
тын зерттеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет