Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Диспозициялар және оқытудың басқа да аспектілері



Pdf көрінісі
бет58/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Диспозициялар және оқытудың басқа да аспектілері
Көлікті метафора ретінде мұғалімдер диспозициясы (қозғалтқыш) 
мен білім, білік, көзқарас және ұғымдар (дөңгелектер) арасындағы 
қатынасты бейнелеу үшін қолдануға болады. Білім мұғалімнің өзі ту
-
ралы білетінін (өзін-өзі тануы), нақты пәндерді, баланың дамуы мен 
оқыту теориясын білуін, сонымен қатар жалпы білімін («кім», «не» 


Өзіңді таны
77
және «қашан» туралы фактілерді) қамтиды. Білім көбінесе шартты әрі 
даулы болады. Сондықтан мұғалімдер білудің «қалай» және «неге» де
-
ген аспектілерін де меңгеру керек. Тар мағынада дағдылар дегеніміз – 
тапсырмаларды орындау қабілеті. Бірақ олар басқа біреудің сезімдері 
мен ойлау стратегияларын мұқият басқаруға да қолданылуы мүмкін. 
Дағдылар нақты (мысалы, микроскопты қолдану) немесе жалпы (мы
-
салы, заңдылықтарды бақылау) болуы мүмкін. Сенім (діни және за
-
йырлы) – бұл шындыққа жанасымды, жанасымсыз екеніне қарамастан, 
адамдар ақиқат деп танитын наным. Көзқарас адамдардың басқаларға, 
заттарға немесе жағдайларға өз ойы мен сезімі арқылы қалай жауап 
беретінін сипаттайды. Бұл – құндылықтар мен жеке қасиеттердің ай
-
қын көрінісі (DES, 1985: 41). Кац пен Ратстың (1985) айтуынша, диспо
-
зицияның көзқарастан айырмасы: диспозиция – байқалған әрекеттер 
жиынтығын құрайды, ал көзқарас – әрекет етуге дейінгі диспозиция. 
Қорытындылай келгенде, ұғымдар – абстракция процесінде алынған 
жалпы идеялар. Олар адамдарға білім мен тәжірибені ұйымдастыру
-
ға көмектеседі. Ұғымдарды былай жіктеуге болады: кеңістік, уақытқа 
қатысты сандық, сапалық, әлеуметтік-эмоциялық. Көліктің тиімді жұ
-
мысы оның дөңгелектерінің жағдайына байланысты. Сонымен қатар 
ол жүргізушінің тәжірибесі (кәсіби дамуы), өзін-өзі тануы және алдағы 
жүріп өтетін жолды сана-сезімімен болжап отыруы, жылдамдықты кө
-
теру ережелерін және жалпы көлік жүргізу жағдайына (сыртқы орта) 
да байланысты реттеледі. Көлік қозғалтқышы ұсынатын диспозиция
-
лар мұғалімдерге алға жылжуға мүмкіндік береді (2.4-сызба).
Мұғалімнің шеберлігі әбден шыңдалған кезде, күн сайын Коста 
мен Калликтің ақыл-ой дағдыларын көрсететін болады. Мысалы, мұ
-
ғалім өз мақсаттарына жету жолында күн сайын үздіксіз еңбек етуі 
үшін табандылық қажет. Табанды мұғалім жаңа ұғымды немесе дағды
-
ны үйретудің көптеген стратегияларын қолдана алады, оқушылар оны 
бірден қабылдай алмаса да, еңсесін түсірмейді. Сол сияқты табанды 
мұғалім келеңсіз жағдайдан шығуда жанжалды шешу тәсілдерін қол
-
дануын тоқтатпайды, ол оқушылардың бұл стратегияларды игеруіне 
уақыт қажет екенін біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет