Өзіңді таны
85
Селигман адамдардың бір оқиғаны әртүрлі қабылдайтынын тал
-
дағаннан кейін «түсіндіру стилі» ұғымын енгізді (2.4-кесте).
Селигманның (2006) айтуынша, жағымсыз нәрсе болған кезде,
адамдар оқиға орнын уақытша немесе тұрақты шеңбермен сызып
қояды. Мұғалім: «Өте нашар сабақ болды, мен бұл пәнді енді оқыта ал
-
маймын», – деп айтуы мүмкін. Сондай-ақ мұғалімнің жауабы басқа да
болуы ықтимал: «Мен осы сабақты келесі аптада тағы өтемін, сонда
осы тақырыпты дұрыстап түсіндірермін». Оң тәжірибеге тап болғанда,
пессимист мәселенің жақсы жағын елемей, оны уақытша деп санайды,
ал оптимист мұғалім жетістікке жетуге тырысады, сөйтіп оны тұрақты
түрде дамытуға кіріседі. Мұғалім мен оқушының күнделікті қарым-қа
-
тынаста жағымды тілді қолдануы тиіс екені Селигман зерттеуінің бас
-
ты нәтижелерінің бірі болды.
Жақсы сөз (оптимистік) айту арқылы мұғалімдер алдағы қиын
-
дықтардың алдын алу жолдарының үлгісін жасап қояды.
Бұл тарауда мұғалім жағдайының маңызы туралы айтылды. Мұға
-
лімнің өзіне деген көзқарасы өзінің де, оқушыларының да жетістікке
ынтасын арттыруға арналған пікірталастар үшін аса маңызды. Өзі
-
не деген сенімі мықты мұғалім икемді, проблемаларды шеше алатын
және ең алдымен өз тәжірибесінен сабақ алатын болады.
2.4-КЕСТЕ.
Жағдайға пессимистік және оптимистік қатынас
Достарыңызбен бөлісу: