Мұғалімге
тән кәсіби құндылықтар
96
Біріккен Корольдік мектептерінде сабақ берді. Жасқа бөлудің қанша
-
лықты қауіпті іс екенін тарихшылар мойындайды. Әр буын мұғалім
-
дерінің тәжірибесі олардың өскен ортасы, жеке тұлғасы, оқыған жері
және қарым-қатынасы сияқты факторларға байланысты өзгеріп отыр
-
ды. Алайда осыны ескере отырып, 3.1-кестеде әр буынға арналған си
-
паттамалар ұсынылған.
Бірінші буын (1870–1919 жж.) кәсіподақтардың құрылуымен
ерекшеленетін мамандықтардың пайда болуына куә болды. Бұл вик
-
ториандық дәлдік, мойынсұну, құрмет пен ізет көрсету құндылықта
-
рын оқыту мен мектепте өзін-өзі ұстауына негіз ретінде алған, тәртіп
-
ті бойына сіңірген буын болды. Екінші буын (1914–1950 жж.) Екінші
дүниежүзілік
соғысты басынан өткеріп, батылдығымен дараланды.
Мектеп журналдары, күнделіктер мен өмірбаяндардан мұғалімдердің
соғыстан кейінгі дағдарыс жылдарында кедей отбасыларға практи
-
калық көмек көрсетуге тырысқанын көруге болады. 1939 жылы бала
-
ларды пойызбен ауылдық жерлерге қалай болса солай ретсіз эвакуа
-
циялау кезінде мұғалімдер жоғалып кеткен балаларды тауып, «мүмкін
емес» нәрсеге қол жеткізді. Екі апта бойы хабар-ошарсыз кеткен бала
-
ларды іздеу үшін мұғалімдер ұжымы елдің түкпір-түкпіріне бөлінді
(Dent, 1944: 19). 1945 жылға қарай мұғалімдік қызмет мемлекеттің ха
-
лықтың әл-ауқатын жақсарту туралы жаңа
ережелерімен тығыз бай
-
ланыста болды, осылайша мұғалім халық арасында білім беру арқылы
теңдікті қалыптастыратын басты тұлға саналды.
Мұғалімдердің үшінші буыны (1950–1988 жж.) сыныпта нені оқы
-
ту керек екенін шешуде айтарлықтай дербестікке ие болды.
Exploration
in the Junior School
(Philips and McInnes, 1950) кітабының мазмұны мы
-
надай тақырыптардан тұрады: «төңіректі зерттеу», «күнделікті заттар
туралы білу», «фермадағы жұмыс», «Лондон аймағы туралы әлеуметтік
зерттеулер», «балалардың ұсыныстары», «мұғалім кеңесші ретінде»,
«суға түсу», «жануарларды асырау». Ұранға айналған сөз «үйренуді үй
-
рен» болды. Бұл бастауыш мектептер үшін
«
алтын ғасыр» болды деген
сөз емес. Шын мәнінде, 1960 жылы мектептерде зерттеу әдістері қол
-
данылды десек, асыра айтқандық болар (Jones, 2003). Еңбек Премьер-
Министрі Джеймс Каллаганның 1976 жылы маңызды мәселе бойынша
«Ұлы дебат» өткізуі, оның оқытудың «құпия бағын» ашуына себеп бол
-
ды: «Балаларымыз бен жастарымыздың білім алуынан не күтеміз?».
Каллаган сол кездегі әлеуметтік және экономикалық проблемаларды,
оның ішінде әлемдік мұнай дағдарысын білім беру жүйесіндегі кемші
-
ліктермен байланыстырды.
Бүгінгі ұрпақ (1988 жылдан бері) Мемлекеттік оқу бағдарламасы
-
нан бастап орталықтандырылған басқару дәуірін бастан кешті. Соң
-
ғы 25 жыл ішінде жиырмадан астам білім беру актілері қабылданды.
Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
97
Қауымдар палатасының мектептердің есеп беру жөніндегі параллель
-
ді комитеті «үкімет мектептерді жаңа бастамаларымен таңқалдыруын
жалғастыруда» дей келіп, есеп беру шаралары мектептерді «құлдыра
-
туы» мүмкін екенін мойындады (House of Commons, 2009: 3). Тарихи
тұрғыдан қарағанда, ұстаздар қашан да мемлекеттік қызметкер ретін
-
де жауапты болды, бірақ қазіргі буын бұрын-соңды болмаған жауап
-
кершілікке ие. Англияда бұған қоса 2012 жылы біліктілігі жоқ мұғалім
-
дерді 6 ай ішінде немесе ерекше жағдайларда төрт апта ішінде жұмыс
-
тан босату туралы жеделдетілген шара енгізілді.
1988 жылы «Білім туралы» заң қабылданғаннан кейін де мұға
-
лімдерге «олар тым радикалды немесе заман ағымына сай жүруден
бас тартады» деп күдікпен қарау толастамады. Болл (2008)
Daily Mail
басқаратын бұқаралық ақпарат құралдары мұғалімдерді кінәлауда
асығыстық жасап отырғанын және оның мемлекеттік саясатқа әсерін
ескермеуге болмайтынын айтады. Мұғалімдер
құрамын реформалау
бағдарламасы, әсіресе Англияда қызметтік басқару жүйесін қатайтуға
және университет базасында мұғалімдерді даярлау жүйесінің қарқы
-
нын арттыруға шақырды. Кәсіподақтар да мектепте «бақылау мәде
-
ниеті» қалыптасып келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. Уэльсте
сауалнама алынған 1 000 мұғалімнің үштен бірі бұрынғыға қараған
-
да бақылауға жиі алынатындарын айтты (Evans, 2012a). 2012 жылы
Коалиция үкіметі мектептердің өз қажеттіліктері бойынша оңтайлы
шешім қабылдауы үшін мектеп басшысының
ресми бекітілген мұға
-
лімдерді бақылауының үш сағатын алып тастады. Алайда сыншылар
мұны қолдау тетігі ретінде емес, мұғалімдерге шабуыл жасаудың нақ
-
ты құралы деп есептейді.
Мұғалімдер бұрынғысынша оқу бағдарламаларының мазмұны
мен оқыту әдістерін, сондай-ақ бағалау сияқты салаларды дербестік
-
те қолданады. Алайда Англиядағы мұғалімдер Біріккен Корольдік пен
Еуропаның басқа жерлеріндегі әріптестерінің кәсіби дербестігін пай
-
далана алмаған (Eurydice, 2008). Сонымен қатар кейбір білім беру сала
-
сы бойынша пікір білдірушілер академиялар мен тегін оқытатын мек
-
тептердегі мұғалімдердің тәжірибесіне тоқтала келіп, ондағы нәтиже
-
ге бағытталған мәдениеттің қызметкерлерге де, балаларға да қатысты
екенін, «ешқандай ақталуды қажет етпейтінін» көрсетеді. Экономика
-
лық істер институты сияқты оңшыл ғылыми орталықтар үкіметтің бі
-
лім беруді мықты бизнес модельге негіздеуіне қолдау көрсетті.
ХХІ ғасыр мектебіне жұмыс істеуге баратын бірінші буын мұғалімі
Мемлекеттік оқу бағдарламасының сабақтан босату, емтихан тапсыру
-
ды қамтамасыз ету, қысқамерзімді тексерулер, ата-аналармен байла
-
ныс орнату, әріптестер арасында командалық рух қалыптастырумен
байланысты, сондай-ақ қаржылық менеджментке қатысты талаптарын
Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
98
орындау жағынан қысым көретін болады.
Тұтас сыныпқа арналған
сабағы үш кезеңнен (кіріспе, негізгі және қорытынды) тұратын және
сауатты жазу мен санауға баса мән беретін Викториан дәуірінің мұғалі
-
мі сыныптағы сауатсыздықты бірден анықтар еді. Қазіргі мұғалімдер
-
дің 50 сағаттық қалыпты жұмыс аптасы таңғалдыра қоймайды (DfE,
2010). Викториандық мектептің жұмыс күні әдетте 9–12 және 2–4.15
аралығында өтетін, бірақ мұғалімдердің көпшілігі сабаққа дайындалу
үшін немесе оқушы-мұғалім тұрғысында оқушыларға нұсқау беру үшін
сағат 7.30-дан 8.00-ге дейін келуге міндетті болатын. Мұғалімдерді
даярлаудың қазіргі мемлекеттік моделі викториан мектептері идеясы
-
нан бастау алады. 1903 жылға дейін мұғалімдер келісімшартта «көр
-
сетілмеген міндеттерді» немесе мектептен тыс жұмыстарды, мысалы,
жексенбіде шіркеуде органда ойнауға немесе хорды үйретуге міндетті
болды (Horn, 1989). Кейде сыныптағы қабілеті әртүрлі, жастары аралас
балалар саны елуге жететін. Ауыл мектептерінің ресурстары айтар
-
лықтай шектеулі болатын.
Достарыңызбен бөлісу: