Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


нақты - ланып, еңбек жолын бастаған алғашқы жылдары да жалғасын табады.  Бастауыш мектеп мұғалімінің өзгермелі рөлі



Pdf көрінісі
бет73/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

 
нақты
-
ланып, еңбек жолын бастаған алғашқы жылдары да жалғасын табады. 
Бастауыш мектеп мұғалімінің өзгермелі рөлі
Әлеуметтанушылар, педагогтер мен тарихшылар білім берудегі 
өзгерісті түсіндірудің әртүрлі модельдерін ұсынды. Харгрейвз (2000) 
мамандықтың дамуын 4 кезеңге бөліп қарастырады. Оның ойынша
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында, яғни кәсіби дамуға қол жеткіз
-
беген кезеңде мұғалімдер жұмыста техникалық дағдыларға машық
-
танды. 1960 жылдардан басталатын дербес кезеңде кәсіби мәртебеге 
ие болды. Харгрейвздің айтуы бойынша, 1980-жылдардың соңынан 
бастап «алқалық кезеңге» өткен мұғалімдер кәсіби оқуда бағыт беріп, 
қолдау көрсету үшін бір-біріне жүгінді. Бұған білім алу мен оқыту, мы
-
салы, технологиялар мен бағалау саласының көшінен қалмауға деген 
қажеттілік себеп болды. Сондай-ақ мұғалім рөлінің басқа бағыттарда 
арта түскенін (дұрыс, бұрысы белгісіз) мойындауға да ықпал етті. От
-
басының ыдырауы, жоқшылық және зорлық-зомбылық сияқты бірқа
-
тар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мұғалімдер басқа мамандармен 
тығыз байланыста жұмыс істейді деп күтілуде. Соңғы 20 жылдың көле
-
мінде мәдениет алуандығы артып, мұғалімдер инклюзивті білім беру 
ортасын қалыптастыруды көздейтін оқыту тәсілдемелерін оқушылар
-
дың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бейімдеуге жұмылдырды. 


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
95
Соңында Харгрейвз (2000: 167) постмодерн
 
кезеңінде «мұғалім
-
нің кәсібилігі төмендейді немесе жоғалады» деген болжам айтты. Бұл 
кезеңге белгісіздік, мұғалімдердің алуан түрлі бағыт ұстануы, түрлі се
-
беппен әртүрлі жерлерге кетуі тән. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің 
төмендеуіне кәсіподақ өкілеттігінің әлсіреуі, орталықтандырылған 
оқу жоспарының болмауы, мұғалім мәртебесінің түсуі себеп болды.
Бұл білім мен дағды іс жүзінде сарапшыдан жас маманға беріліп, 
тәжірибе жетілдірілмесе де, тым құрығанда, көшіріліп отыратын оқы
-
тудың кәсібиліктен әуесқойлыққа, яғни модерн кезеңіне дейінгі ше
-
берлікке қайтып ауысқанының нәтижесі болып саналады (Hargreaves, 
2000: 168). 
Харгрейвз бен Ширли (2009) алдыңғы кезеңдердің әрқайсының 
басым тұстарына сүйене отырып, біршама оптимистік сарынның бар 
екенін көрсетеді. Олар бақыттың рөлін қарастырған зерттеуге сүйе
-
не отырып, мұғалімдер мақсат қойып, өз міндеттерін сезініп, әріптес
-
терімен және басқалармен жағымды қарым-қатынас орнатуы керек 
дейді. Олардың айтқандарының көбі 2-тарауда қамтылған. Мысалы, 
авторлар мұғалімдердің тұрақтылық пен «саналы» оқыту практикасы 
сияқты, айталық, сыныптағы айғай-шуды түсінуге уақыт беру үшін сәл 
кідіріс жасау секілді дағдыларын дамытудың маңыздылығын айтады. 
Харгрейвз бен Ширлидің сөзімен айтсақ, жаңа кәсібилік дегеніміз – бі
-
ліктілігі жоғары мұғалімдерге, позитивті мұғалімдер қауымдастығы 
мен белсенді оқыту қоғамдастығына негізделген әлем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет